Тоқаев Қазақстанның Ақпараттық доктринасын бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаев
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Үкіметке үш ай мерзімде Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бекіту тапсырылды.
"Геосаяси турбуленттілік және халықаралық саяси аренадағы өзара сенімсіздіктің күшеюі ақпараттық өзара іс-мәселелеріне жаңаша қарауға мәжбүр етуде. Анық ақпаратты тарату, анық емес және манипуляциялық ақпаратқа қарсы іс-қимыл және жалпы алғанда, қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімін арттыру мәселелері барған сайын өзекті бола түсуде", - деп жазылған құжатта.
Саяси жаңғыру және қоғам өмірін одан әрі демократияландыру міндеттерін шешу ақпараттық саланы ырықтандыру, БАҚ саласындағы қарым-қатынасты шамадан тыс регламенттеуден бас тарту, сөз бостандығы мен пікір білдіру кепілдіктерін күшейту қажеттігіне байланысты, деп аталып өткен доктринада.
Ақпараттық доктрина отандық ақпараттық саланы дамыту көзқарастарының, оның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қағидаттары мен тетіктерінің жүйесін білдіреді. Доктрина халықтың мүддесіне сай келетін, мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылық бағдарларды да айқындайтын болады.
Жаңалықтар
0