https://sputnik.kz/20230320/shyu-baqylaushysy-bir-mandatty-okrugter-men-barine-qarsymyn-bagany-turaly-aytty-33147496.html
ШЫҰ бақылаушысы бір мандатты округтер мен "бәріне қарсымын" бағаны туралы айтты
ШЫҰ бақылаушысы бір мандатты округтер мен "бәріне қарсымын" бағаны туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында ШЫҰ миссиясының халықаралық бақылаушысы, Ресей Федерациясы мемлекеттік... 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T17:39+0500
2023-03-20T17:39+0500
2023-03-20T17:39+0500
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/14/33125090_0:0:3541:1992_1920x0_80_0_0_5e8397f182ed43acc2d9d15fdf5edfe1.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында ШЫҰ миссиясының халықаралық бақылаушысы, Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының ұлттар істері комитетінің төрағасы Геннадий Семигин Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді."Сайлау процесі қатаң заңға сәйкес ұйымдастырылды, менің пікірімше, сайлау ашық әрі заңды өтті. ШЫҰ миссиясының құрамына кіретін әртүрлі елден 18 адам қорытынды мәлімдемеге қол қойып, сайлау ойдағыдай өткенін мойындады. Дауыс беру нәтижесіне әсер ететін елеулі заң бұзушылықтар болған жоқ. Сондықтан Қазақстан саяси жүйені жаңарту және сайлау процесін демократияландыру бағытында елеулі қадам жасады деп есептеймін", - деді Геннадий Семигин.Ол Қазақстанда екінші рет бақылаушы болғанын және елде болып жатқан өзгерістерді құптайтынын айтты.Ол сондай-ақ бір мандатты округтерден депутаттардың сайлануын құптады."Партиялар ірі мемлекеттік мәселелер туралы көбірек ойлайды: әлеуметтік-экономикалық жағдай мен саяси үдерістерді дамыту жайын назарға алады. Бұл мәселелерді талқылауға бір мандаттық депутаттар да қатысады, бірақ олар өз сайлаушыларының арман-тілегімен көбірек айналысады", - деп есептейді халықаралық бақылаушы.Ол бір мандатты округтер бойынша кандидаттар арасындағы бұрын-соңды болмаған бәсекелестікке тоқталды."Кейбір жерлерде бір орынға 30-дан астам үміткер таласып жатқанын байқадық! Бұл таңғаларлық. Ресейде, әрине, мұндайды көрмейсің. Бұл қоғамдағы сайлау белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді ", - деп мәлімдеді Геннадий Семигин.Ол неліктен сайлаушылардың 1%-дан астамы "бәріне қарсымын" деген бағанға дауыс беретінін анықтауға шақырды."Мен "Бәріне қарсымын" бағанына оң көзқарастамын. Ресейде де болды, бірақ кейін алып тастады. Бұл тармақтың болуы да демократияның көрсеткіші. Ол қарсы дауыс берген адамдарға не ұнамайтынын түсіну үшін өте маңызды.Егер мұндай адамдардың пайызы жоғары болса, онда бұл партиялардың неліктен ұнамайтыны туралы ойлануға негіз болады. Неліктен олар бәріне қарсы? Оларға түсіндіріп, сайлау процесіне тарту керек", - деп есептейді халықаралық бақылаушы.Сарапшының пікірінше, сайлаудан кейін елді үлкен серпіліс күтіп тұр."Соңғы бір жылда Қазақстан президенті көптеген батыл қадам жасады – ол биліктің барлық тармағында байыпты реформалар жүргізді. Бұл өзгерістер процестерді демократияландыруға алып келеді және әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістерге бағытталған заңдардың сапасына әсер етеді. Ал мұнда халықтың өмір сүру деңгейін көтеру міндеті бірінші орында тұр. Қазақстан алға қойған мақсаттарына жедел жетеді деген үміт бар. Ресей Федерациясы өзара тиімді, достық қарым-қатынасты сақтайды деп ойлаймын.Қазақстан халқы – қиын-қыстау заманда қашанда бірлігі жарасқан ұлы халық. Бұл жолы да реформаларды қолдады. Ел өркендеуге, өмір сүрудің мүлде басқа деңгейіне қол жеткізе алады. Бауырлас халыққа ұзақ ғұмыр, амандық, бақ-береке тілеймін!".
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/14/33125090_162:0:2893:2048_1920x0_80_0_0_f382de16d1d8f2977fd3e66a48b76041.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында ШЫҰ миссиясының халықаралық бақылаушысы, Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының ұлттар істері комитетінің төрағасы Геннадий Семигин Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді.
"Сайлау процесі қатаң заңға сәйкес ұйымдастырылды, менің пікірімше, сайлау ашық әрі заңды өтті. ШЫҰ миссиясының құрамына кіретін әртүрлі елден 18 адам қорытынды мәлімдемеге қол қойып, сайлау ойдағыдай өткенін мойындады. Дауыс беру нәтижесіне әсер ететін елеулі заң бұзушылықтар болған жоқ. Сондықтан Қазақстан саяси жүйені жаңарту және сайлау процесін демократияландыру бағытында елеулі қадам жасады деп есептеймін", - деді Геннадий Семигин.
Ол Қазақстанда екінші рет бақылаушы болғанын және елде болып жатқан өзгерістерді құптайтынын айтты.
"Көппартиялық жүйені ұлғайту бойынша жасалған қадамды қызу қолдаймын. Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғайтын партиялар сайлауға неғұрлым көп түссе, соғұрлым көп бағдарлама ұсынылады. Бұл парламентті заң шығаратын маңызды алаңға айналдыру жолындағы үлкен қадам", - деді Геннадий Семигин.
Ол сондай-ақ бір мандатты округтерден депутаттардың сайлануын құптады.
"Партиялар ірі мемлекеттік мәселелер туралы көбірек ойлайды: әлеуметтік-экономикалық жағдай мен саяси үдерістерді дамыту жайын назарға алады. Бұл мәселелерді талқылауға бір мандаттық депутаттар да қатысады, бірақ олар өз сайлаушыларының арман-тілегімен көбірек айналысады", - деп есептейді халықаралық бақылаушы.
Ол бір мандатты округтер бойынша кандидаттар арасындағы бұрын-соңды болмаған бәсекелестікке тоқталды.
"Кейбір жерлерде бір орынға 30-дан астам үміткер таласып жатқанын байқадық! Бұл таңғаларлық. Ресейде, әрине, мұндайды көрмейсің. Бұл қоғамдағы сайлау белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді ", - деп мәлімдеді Геннадий Семигин.
Ол неліктен сайлаушылардың 1%-дан астамы "бәріне қарсымын" деген бағанға дауыс беретінін анықтауға шақырды.
"Мен "Бәріне қарсымын" бағанына оң көзқарастамын. Ресейде де болды, бірақ кейін алып тастады. Бұл тармақтың болуы да демократияның көрсеткіші. Ол қарсы дауыс берген адамдарға не ұнамайтынын түсіну үшін өте маңызды.
Егер мұндай адамдардың пайызы жоғары болса, онда бұл партиялардың неліктен ұнамайтыны туралы ойлануға негіз болады. Неліктен олар бәріне қарсы? Оларға түсіндіріп, сайлау процесіне тарту керек", - деп есептейді халықаралық бақылаушы.
Сарапшының пікірінше, сайлаудан кейін елді үлкен серпіліс күтіп тұр.
"Соңғы бір жылда Қазақстан президенті көптеген батыл қадам жасады – ол биліктің барлық тармағында байыпты реформалар жүргізді. Бұл өзгерістер процестерді демократияландыруға алып келеді және әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістерге бағытталған заңдардың сапасына әсер етеді. Ал мұнда халықтың өмір сүру деңгейін көтеру міндеті бірінші орында тұр. Қазақстан алға қойған мақсаттарына жедел жетеді деген үміт бар. Ресей Федерациясы өзара тиімді, достық қарым-қатынасты сақтайды деп ойлаймын.
Қазақстан халқы – қиын-қыстау заманда қашанда бірлігі жарасқан ұлы халық. Бұл жолы да реформаларды қолдады. Ел өркендеуге, өмір сүрудің мүлде басқа деңгейіне қол жеткізе алады. Бауырлас халыққа ұзақ ғұмыр, амандық, бақ-береке тілеймін!".