https://sputnik.kz/20230320/senimnen-ayyrylgan-sheneunikter-zhumystan-bosatylady-toqaev-zanga-qol-qoydy-33144142.html
Сенімнен айырылған шенеуніктер жұмыстан босатылады: Тоқаев заңға қол қойды
Сенімнен айырылған шенеуніктер жұмыстан босатылады: Тоқаев заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша... 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T16:35+0500
2023-03-20T16:35+0500
2023-03-20T16:35+0500
қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік қызметші
https://sputnik.kz/img/1266/61/12666122_0:170:2049:1322_1920x0_80_0_0_d80e81580d7219a9a9d60b7ce8e86bf8.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.Енді президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады.Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, бұл норманы тек президенттің өзі ғана қолданады."Мысалы, қазір бізде саяси мемлекеттік қызметшілер өз қалауымен кетеді немесе президенттің шешімімен отставкаға жіберіледі. Ал "сенімді жоғалтты" деген ұғым заңда болмаған. Сондықтан алдағы уақытта өзіне жүктелген міндетін орындамаған мемлекеттік қызметкер "сенімді жоғалтты" деген нормамен жұмыстан кетеді. 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады ", -деді Жазықбаев журналистерге берген сұхбатында.Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, отставкаға кеткен шенеунік басқа жерге жұмысқа тұра алады. Ал сенімінен айырылса, үш жылдық шектеу болады.
https://sputnik.kz/20220125/eki-deputat-Nur-Otan-nan-shygyp-ketti-19211171.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1266/61/12666122_0:0:1821:1366_1920x0_80_0_0_091bf0f8b759baba592c9e5315a24432.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік қызметші
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік қызметші
Сенімнен айырылған шенеуніктер жұмыстан босатылады: Тоқаев заңға қол қойды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Енді президент сенімінен айырылған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, бұл норманы тек президенттің өзі ғана қолданады.
"Мысалы, қазір бізде саяси мемлекеттік қызметшілер өз қалауымен кетеді немесе президенттің шешімімен отставкаға жіберіледі. Ал "сенімді жоғалтты" деген ұғым заңда болмаған. Сондықтан алдағы уақытта өзіне жүктелген міндетін орындамаған мемлекеттік қызметкер "сенімді жоғалтты" деген нормамен жұмыстан кетеді. 3 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады ", -деді Жазықбаев журналистерге берген сұхбатында.
Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, отставкаға кеткен шенеунік басқа жерге жұмысқа тұра алады. Ал сенімінен айырылса, үш жылдық шектеу болады.