Қазақстандағы облыс мешіттері жанынан діни дәріс беретін орындар ашылады

© Sputnik / Абзал КалиевГлавная республиканская мечеть в Нур-Султане
Главная республиканская мечеть в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Қазақстанның барлық аймағындағы облыс мешіттері жанынан діни курстар ашылады, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы.
Мақсаты - бабалар оқыған дәстүрлі исламды дәріптеу. Мүфтият өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңдағы жаһандық құбылыс пен ислам дінін жамылған кері ағымдардан барынша сақтануымыз керек.
"Облыстық мешіттер жанынан көне түркі тілінде жазылған Ханафи масхабына негізделген бабалардың "Ғибадат исламия" және "Сопы Алдияр" тағы басқа кітаптарын оқыту курстарын ашамыз. Дін мамандары мұны оқығанннан кейін халқына бабалар оқыған кітаптан насихат айтатын болады", - дейді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұл.
Былтырдан бастап бес томдық "Ислам эницклопедиясы" ғылыми жобасын жазу қолға алынды. Жобаға 70-ке жуық дін, тарих, мәдениет саласының мамандары, ұстаздар мен ғалымдар атсалысып жатыр.
Биыл мүфтият баспасынан бұл кітаптың 3 томы жарыққа шығады. Сондай-ақ "Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп" атты еңбек әзірленді және "Дін мен дәстүр" кітабының үшінші томы оқырманға жол тартады.
Жаңалықтар
0