https://sputnik.kz/20230320/qazaqstan-13-myn-sheteldik-zhumys-33119405.html
Қазақстанда 13 мыңнан аса шетелдік жұмыс істейді
Қазақстанда 13 мыңнан аса шетелдік жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 403 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және... 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T09:35+0500
2023-03-20T09:35+0500
2023-08-09T12:29+0500
қоғам
жұмыс
шетелдік
https://sputnik.kz/img/1192/43/11924361_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_9ef2a10644b08724e01baa616956fcc6.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 403 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 966 рұқсат (екінші санат).Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 199 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 391 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 399 адам тартылды."Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар. Оларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і", - делінген хабарламада.Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:Еңбек мигранттары негізінен Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 685 адам, Түркия – 1 523 адам, Ұлыбритания – 1 073 адам, Өзбекстаннан – 769 адам келеді.Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Қазір квота 22 226 адамды (0,24%) құрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1192/43/11924361_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ec820bae129f64891e3160554856dd02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс, шетелдік
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 403 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 966 рұқсат (екінші санат).
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 199 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 391 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 399 адам тартылды.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар. Оларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і", - делінген хабарламада.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:
құрылыс саласында – 5 494 адам (41%);
тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 455 адам (11%);
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 995 адам (8%);
өңдеу өнеркәсібі – 889 адам (7%);
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 641 адам (5%).
Еңбек мигранттары негізінен Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 685 адам, Түркия – 1 523 адам, Ұлыбритания – 1 073 адам, Өзбекстаннан – 769 адам келеді.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Қазір квота 22 226 адамды (0,24%) құрайды.