https://sputnik.kz/20230320/mazhilis-deputattaryn-saylau-kuni-40-zanbuzushylyq-tirkeldi--bas-prokuratura-33153275.html
Мәжіліс депутаттарын сайлау күні 40 заңбұзушылық анықталды – Бас прокуратура
Мәжіліс депутаттарын сайлау күні 40 заңбұзушылық анықталды – Бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттарын сайлау күні 40 заңбұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі... 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T19:20+0500
2023-03-20T19:20+0500
2023-03-20T19:20+0500
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33112641_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_fbb508daae88a836e5a9cff5be982f0e.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттарын сайлау күні 40 заңбұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Азамат Сарғазин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, дауыс беру күні орын алған әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 40-қа жеткен."Соның ішінде 11-і бізге келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде анықталды. Барлығы бойынша кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ол.Азаматтардың басқа адамдарға дауыс беруіне мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерін беру түріндегі құқықбұзушылықтар үшін учаскелік комиссиялардың 18 мүшесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша айыппұл салынды. Олар: Алматы облысында 5, СҚО-да 3, Жамбыл және Жетісу облыстарында екеуден, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Павлодар облыстарында біреуден.Тең сайлау құқығы туралы талапты басқа сайлаушы үшін дауыс беру арқылы бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабымен 17 адам әкімшілік жазаға тартылды. ШҚО-да 4, Алматы облысында 3, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, СҚО-да екеуден, Ақтөбе, Түркістан облыстарында біреуден.Осы 17 құқықбұзушылықтың 4-уі учаскелік комиссия мүшелері тарапынан жасалған.Сайлау болатын күні үгіт жүргізгені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа 5 адам тартылды. Екеуі ШҚО-да, бір-біреуден БҚО, Павлодар, Түркістан облыстарында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33112641_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_e09fe361ce4893f5a5b07cac5dafd15b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттарын сайлау күні 40 заңбұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Азамат Сарғазин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сайлау процесі дауыс беру күнін қоса алғанда жалпы тыныш өтті. Азаматтардың сайлау құқықтарын бұзатын елеулі заңбұзушылықтарға жол берілген жоқ. Дегенмен қадағалау барысында сайлаудың қорытындыларына айтарлықтай кері әсері тимейтін заң талаптарын бұзудың жекелеген фактілері анықталды", - деді Сарғазин.
Оның айтуынша, дауыс беру күні орын алған әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 40-қа жеткен.
"Соның ішінде 11-і бізге келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде анықталды. Барлығы бойынша кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ол.
Азаматтардың басқа адамдарға дауыс беруіне мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерін беру түріндегі құқықбұзушылықтар үшін учаскелік комиссиялардың 18 мүшесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша айыппұл салынды. Олар: Алматы облысында 5, СҚО-да 3, Жамбыл және Жетісу облыстарында екеуден, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Павлодар облыстарында біреуден.
Тең сайлау құқығы туралы талапты басқа сайлаушы үшін дауыс беру арқылы бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабымен 17 адам әкімшілік жазаға тартылды. ШҚО-да 4, Алматы облысында 3, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, СҚО-да екеуден, Ақтөбе, Түркістан облыстарында біреуден.
Осы 17 құқықбұзушылықтың 4-уі учаскелік комиссия мүшелері тарапынан жасалған.
Сайлау болатын күні үгіт жүргізгені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапқа 5 адам тартылды. Екеуі ШҚО-да, бір-біреуден БҚО, Павлодар, Түркістан облыстарында.