Халықаралық бақылаушылар дауыс санау кезінде заңбұзушылық болғанын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневДауыс санау процесі
Дауыс санау процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. ЕҚЫҰ бақылаушылары мәжіліс және мәслихаттар сайлауы кезінде сайлау учаскелерінде кездескен заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ЕҚЫҰ сайлауды бақылау жөніндегі қысқа мерзімді миссияның жетекшісі және арнайы үйлестіруші Ирен Хараламбидестің айтуынша, сайлауда процедуралық заңбұзушылықтар байқалған.
"Сайлауды ұйымдастыру органдары саяси науқанға жақсы дайындалған. Жалпы сайлау тыныш өтті. Бірақ айтарлықтай процедуралық заңбұзушылықтар байқалды. Дауыстарды санау мен қорытынды шығару кезінде де заңбұзушылықтар тіркелді", -деді ол елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Хараламбидес кейбір кандидаттар, әсіресе өзін-өзі ұсынғандар әкімшілік кедергілерге тап болғанын атап өтті.
Ал ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының өкілі Рейнхольд Лопатка сайлау учаскелеріне келген сайлаушылар саны ресми жария етілген көрсеткіштен төмен екенін мәлімдеді.
© PhotoЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының өкілі Рейнхольд Лопатка
ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының өкілі Рейнхольд Лопатка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының өкілі Рейнхольд Лопатка
"Мысалы Алматыда тізімге енген төрт сайлаушының тек біреуі бюллетень алды. Сондықтан мен сайлау учаскелеріне дауыс беруге келген адамдар саны әжептәуір төмен деп санаймын", - деді Лопатка.
Сонымен қатар ол сайлау күні кейбір бақылаушыларға сайлауды бақылауға мүмкіндік берілмегенін атап өтті.
19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Ел халқы таңғы жетіден кешкі сегізге дейін өз үміткерлеріне дауыс берді.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласып жатыр. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді. Яғни сайлаушылар тек саяси партияларға ғана емес, нақты кандидаттарға да дауыс берді.
Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы үшін барлығы 10 223 сайлау учаскесі құрылған болатын, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте ашылды. Сайлаушылар тізіміне 12 миллионнан аса азамат енгізілді. Соның тең жартысы ғана сайлауда өз таңдауын жасады.
Жаңалықтар
0