Израиль президенті Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаИцхак Герцог Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Ицхак Герцог Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Израиль тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Ал мемлекет басшысы Израиль президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады.
Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылды.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Мүфтият Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді
Жаңалықтар
0