https://sputnik.kz/20230320/arselormittal-temirtauga-ayyppul-salyndy-33121280.html
"АрселорМиттал Теміртауға" айыппұл салынды
"АрселорМиттал Теміртауға" айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Қарағанды облыстық прокуратурасының тағайындауымен Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері "АрселорМиттал... 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T10:39+0500
2023-03-20T10:39+0500
2023-03-20T10:39+0500
арселормиттал теміртау
айыппұл
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_0:0:3648:2052_1920x0_80_0_0_83e2ce34f4feeeede428b56e4ef0aad5.jpg
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Қарағанды облыстық прокуратурасының тағайындауымен Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері "АрселорМиттал Теміртауға" тексеру жүргізді, деп хабарлайды техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі. Жеті шахта мен "Восточный" орталық байыту фабрикасының қызметі тексерілді. Барлық сегіз объектіде тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану фактісі анықталды. Бұл құралдар: әр түрлі типтегі электроконтактілі манометрлер, техникалық манометрлер, торлы және скиптік көтергіштер, компрессорлық, қазандық, көмір жыныстарының көтерілуі, желдету көтергіштері сияқты учаскелерде қолданылатын термометрлер. Облыстық прокуратура ұсынысы мен материалдарының негізінде "АрселорМиттал Теміртау" әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәсіпорында кемшіліктер жойылды. Тағы бір айта кететін жайт, "АрселорМиттал Теміртауда" тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру кезінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшеулер жүргізілетіні анықталды. Бұл еңбек қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін департамент өлшемдер тізбесін одан әрі қарау және оларды салалық мемлекеттік органдардың бекітуі үшін ұсыныстар дайындады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/80/4038019_907:0:3648:2056_1920x0_80_0_0_fa8ad8806514b315e018a558a0f06f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау, айыппұл
арселормиттал теміртау, айыппұл
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Қарағанды облыстық прокуратурасының тағайындауымен Қарағанды аумақтық департаментінің барлық қызметкерлері "АрселорМиттал Теміртауға" тексеру жүргізді, деп хабарлайды техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.
Жеті шахта мен "Восточный" орталық байыту фабрикасының қызметі тексерілді. Барлық сегіз объектіде тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану фактісі анықталды.
"Осындай өлшеу құралдарының дұрыс емес нәтиже көрсетуінен жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау қамтамасыз етілмеген және бұл жерасты тәсілімен тас көмірін өндіретін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - деді комитет Төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Бұл құралдар: әр түрлі типтегі электроконтактілі манометрлер, техникалық манометрлер, торлы және скиптік көтергіштер, компрессорлық, қазандық, көмір жыныстарының көтерілуі, желдету көтергіштері сияқты учаскелерде қолданылатын термометрлер.
Облыстық прокуратура ұсынысы мен материалдарының негізінде "АрселорМиттал Теміртау" әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ кәсіпорында кемшіліктер жойылды. Тағы бір айта кететін жайт, "АрселорМиттал Теміртауда" тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру кезінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшеулер жүргізілетіні анықталды.
Бұл еңбек қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін департамент өлшемдер тізбесін одан әрі қарау және оларды салалық мемлекеттік органдардың бекітуі үшін ұсыныстар дайындады.