https://sputnik.kz/20230320/almatyda-para-algan-sheneunikke-ukim-shyqty-33129129.html
Алматыда пара алған шенеунікке үкім шықты
Алматыда пара алған шенеунікке үкім шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Экология басқармасының пара алған лауазым иелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T13:27+0500
2023-03-20T13:27+0500
2023-03-20T13:27+0500
экология
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_051f002aadb3a704b29fcb4f55c314c6.jpg
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Экология басқармасының пара алған лауазым иелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Алматы қаласы Медеу ауданының 2 соты Жексембаевқа 96 млн теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарды. Ол экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасарының уақытша міндетін атқарып жүрген. Ал пара берген "Экосервис-С" ЖШС басшысы Беркінбаев 73 млн теңге, "Компания Стройтекс" ЖШС басшысы Мапаев 64 млн теңге айыппұл төлейді. Парақорлыққа делдал болғаны "Eco Almaty" ЖШС менеджері Б. Рахымға 32 млн. теңге айыппұл салынды. Сотталғандардың жалпы айыппұл сомасы 265 млн. теңгеден асты. Олар енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өмірбойы қызмет ете алмайды. Айта кетейік, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев "Реннесанс плюс" ЖШС өкілі Г.Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін берген. Бұл "жақсылығы" үшін Жексембаев 5 млн. теңгеге жуық пара алған. Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының жобалық-сметалық құжаты үшін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартына "көмектескен" Жексембаев "Компания Стройтекс" ЖШС директоры А.Мапаевтан 3 млн теңге пара алған. Араларында делдал қызметін атқарып, Б. Рахым жүрген. Парақорлар айыппұлды төлемеген жағдайда бас бостандықтарынан айрылып, түрмеге тоғытылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_826b454f9585833a3f96749fcc70bc0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология, айыппұл
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Экология басқармасының пара алған лауазым иелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Алматы қаласы Медеу ауданының 2 соты Жексембаевқа 96 млн теңге айыппұл төлеу туралы үкім шығарды. Ол экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасарының уақытша міндетін атқарып жүрген.
Ал пара берген "Экосервис-С" ЖШС басшысы Беркінбаев 73 млн теңге, "Компания Стройтекс" ЖШС басшысы Мапаев 64 млн теңге айыппұл төлейді. Парақорлыққа делдал болғаны "Eco Almaty" ЖШС менеджері Б. Рахымға 32 млн. теңге айыппұл салынды. Сотталғандардың жалпы айыппұл сомасы 265 млн. теңгеден асты.
Олар енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өмірбойы қызмет ете алмайды.
Айта кетейік, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев "Реннесанс плюс" ЖШС өкілі Г.Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін берген. Бұл "жақсылығы" үшін Жексембаев 5 млн. теңгеге жуық пара алған.
Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының жобалық-сметалық құжаты үшін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартына "көмектескен" Жексембаев "Компания Стройтекс" ЖШС директоры А.Мапаевтан 3 млн теңге пара алған. Араларында делдал қызметін атқарып, Б. Рахым жүрген. Парақорлар айыппұлды төлемеген жағдайда бас бостандықтарынан айрылып, түрмеге тоғытылады.