Видео

Алматыда Наурызды тойлау басталды – видео

Жазылу
Алматыдағы "Анаға құрмет" музейінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған "Наурыз – жаңғырған салт-дәстүрлер" атты мерекелік мәдени-танымдық іс-шара өтті
Іс-шараны Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты "Алматы облысының музейлер бірлестігі" МКҚК-нің филиалдары ұйымдастырды.
Бұл мерекеге бір Алматы облысы емес, сонау Қордай ауданының әжелері де келді. Қыстан аман шыққан жұрт бір-бірімен көрісіп, мәз-мейрам болды.
"Қыдыр дарысын" деп бата беретін қазақтың Қыдыр атасы бұл мерекеде 7 бірдей қасиетті дүниені халыққа тарту етті. Соның бірі – бесік. Әр үйдің босағасына бала бітсін деген ырым.
"Құрметті қазақ елі, барлығыңызды бүгінгі Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Тарихи түбіне қарайтын болсақ, Омар Хайямның еңбектерінде 7-ші ғасырда айтылып өткен. Сондықтан бұл біздің мерекеміздің тарихы өте тереңде жатыр. Бүкіл қазақ елін "Қазақ билер кеңесі" Алматы қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде құттықтаймын. Ақ мол болсын! Барлығымыз амандықта кездесейік!", - деп "Қазақ билер кеңесінің" Алматы филиалының аға биі, кәсіпкер, меценат Бектұрсын Оспанов ақжарма тілегін жеткізді.
Тойдың сәнін "Қыран" федерациясының бүркіт, құмай тазы баптаушылары қыздыра түсті. Наурыз мерекесінде қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Бұл күні киіз үйлер тігіліп, Наурыз көже пісірілді. Ақ дастархан жайылып, келген кісілерге Наурыз көже таратылды.
Жаңалықтар
0