Жетісу облысында маунтинбайктан Азия чемпионы сайлауда дауыс берді

© Photo : Пресс-служба акима Саркандского районе Алина Сарқұлова
Алина Сарқұлова - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 19 наурыз – Sputnik. Сарқандта Түркияда өткен маунтинбайктан жарыста екі алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Алина Сарқұлова сайлауда дауыс берді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Сарқан қаласының тумасы туған жеріндегі 349-шы сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Мен өз таңдауымды жасадым. Жастарды еліміздің игілігі үшін дауыс беруге шақырамын", - деді Алина Сарқұлова.
Қаңтар айында Түркияда өткен Азия чемпионатында Сарқұлова маунтинбайктан екі санат бойынша жеңімпаз атанды. Бұл арнайы жабдықталған тау немесе гибридті жол велосипеді арқылы қиын жолдағы жарыс түрі болып саналады.
Жетісу облысында Темір адам сайлауда дауыс берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жетісу облысында "Темір адам" өз таңдауын жасады
Жаңалықтар
0