Соққыдан баламның ішектері жарылып кеткен – көз жұмған оқушының анасы

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины, показывающего кулак
Архивное фото мужчины, показывающего кулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматы облысында көз жұмған 14 жастағы Айболаттың туыстары оқушының өліміне әлімжеттік себеп болғанын айтады. Қара жамылған отбасы ұлымызды жоғары сыныптың оқушылары мен студенттер соққыға жыққан деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.
Ауылдың сотқарлары өзінен жасы кіші балалардан үнемі ақша жинап, күш көрсететін көрінеді. Іш-құрылысына зақым келген 9-сыныптың оқушысы үш күн бұрын ауруханада бақилық болған. Қайғылы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Үйге он жарым, он бір кезінде келді. Келді де, құсты. Жедел жәрдем шақырдым. Міне, балаңызды көріңіз, ішектері жарылып, іріңдеп кеткен, ішінен қатты соққан, қан ұйып қалған деді. Балам сап-сау жүрген. Осындай болады деп ойламадым", – дейді анасы Сайрат Ұғыбай.
Марқұмның телефонын қарап шыққан жақындары ауылдың сотқарлары өзінен жасы кіші балаларды бопсалап, үнемі ақша жинайтынын біліпті. Айболатқа қатарластары жіберген аудио-хабарламалардан 9-сыныптың оқушылары үлкендердің тапсырмасын бұлжытпай орындайтынын байқаған. Айболаттың ағалары ініміз таяқ жеп, ауыр жарақаттан бақилық болғанына сенімдіміз дейді. Бірақ әлі ешкімнің қамауға алынбауы көңілге күдік ұялатыпты.
"Марқұм болған Айболаттың телефонында жоғары сынып оқушыларының ақша сұрағанын, қанша сұрағанын, не үшін сұрағанына дейін жазылған. Біреудің Kaspi red-ін жауып берген. Біреудің машинасын жөндеуге алған. Біреуге кальян әкеп берген. Бірақ Еңбекшіқазақ ауданы полициясы бөлімінің іс-әрекеті түсініксіз. Тергеудің әділ жүргізілуін сұрамаймыз, талап етеміз", – деді марқұмның ағасы Талғат Нұрман.
Тұрғындардың айтуынша, Аймен ауылының шетінде күндіз жұрт малын жаяды, ал түнде оқушылар мен студенттер жиналады. Марқұмның туыстары жоғары сыныптың оқушылары Айболатты осы жерде соққыға жығуы мүмкін деп отыр. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Полиция мәйітті тексеру барысында марқұмның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылмағанын жеткізді.
"Мәйітті тексеру хаттамасында баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ екендігі анықталды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалды", – деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Баланың өліміне нақты не себеп болғаны сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Ал қайғыдан қан жұтқан отбасы тергеу әділ жүргізіліп, кінәлілер тиісті жазасын алуын талап етеді.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2023
Алматы облысында оқушы қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0