Сайлау учаскелерінен 32 адамды шығарып жіберді – ІІМ себебін түсіндірді

© Photo : КУИС МВД РКМВД Казахстана (нашивка)
МВД Казахстана (нашивка) - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Бүгін әртүрлі құқықбұзушылықтар үшін сайлау учаскелерінен 32 адам шығарылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, дауыс беру кезінде комиссия төрағаларының актісі бойынша дер кезінде шешілген елеусіз оқиғалар болды. Сайлау учаскелерінен 32 азамат шығарылған.
"Құқықбұзушылықтардың негізгі себептері – сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау, учаскеде бейнетүсірілім жүргізу, комиссия мүшелеріне дөрекі мінез-құлық көрсету", - дейді Сұлтанбаев "Сайлау-20231 онлайн марафонында.
Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында бюллетеньдерді бүлдірудің үш фактісі тіркелген. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында төрт адам сайлау учаскесіне мас болып келген. Құқық бұзғандар куәландырылды және оларға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 444 және 434-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
ІІМ өкілі елдегі және сайлау учаскелерінде ахуал тұрақты болғанын атап өтті. Айта кетері, Астана уақытымен сағат 21.00-де республикада дауыс беру аяқталды. Қазір дауыстарды санау процесі жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0