https://sputnik.kz/20230319/sagat-1400-degi-zhagday-boyynsha-saylaushylardyn-47-payyzga-zhuygy-byulleten-aldy-33088018.html
Сайлаушылардың 47 пайызға жуығы бюллетень алды
Сайлаушылардың 47 пайызға жуығы бюллетень алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сайлау учаскелері ашылған уақыттан бастап қанша қазақстандық дауыс бергені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 19.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-19T13:13+0500
2023-03-19T13:13+0500
2023-08-09T09:39+0500
сайлау
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33072025_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_8fc3a45579e672c4fb83226cb5b85e4f.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сайлау учаскелері ашылған уақыттан бастап қанша қазақстандық дауыс бергені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Дауыс беру бойынша Қостанай облысы – 62,36%, Шығыс Қазақстан облысы – 58,69%, Жамбыл облысы – 58,32% алда келеді. Ең төмен көрсеткіш әдеттегідей Алматы қаласында. Мегаполис сайлаушыларының тек 15,38 пайызы ғана дауыс берген.Бүгін, 19 наурыз мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда 12 миллионнан астам сайлаушы дауыс бере алады. Сайлау учаскелері кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін де дауыс беру учаскелері ашылған.Айта кетері, азаматтарға өзімен бірге жеке куәлігін алып жүрудің қажеті жоқ, олар цифрлық құжатпен дауыс бере алады.Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33072025_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_ca0423b2d6009101102068ad6b738769.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, мәжіліс
Сайлаушылардың 47 пайызға жуығы бюллетень алды
13:13 19.03.2023 (жаңартылды: 09:39 09.08.2023) АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Сайлау учаскелері ашылған уақыттан бастап қанша қазақстандық дауыс бергені белгілі болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46,84%-і бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.
Дауыс беру бойынша Қостанай облысы – 62,36%, Шығыс Қазақстан облысы – 58,69%, Жамбыл облысы – 58,32% алда келеді. Ең төмен көрсеткіш әдеттегідей Алматы қаласында. Мегаполис сайлаушыларының тек 15,38 пайызы ғана дауыс берген.
Бүгін, 19 наурыз мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда 12 миллионнан астам сайлаушы дауыс бере алады. Сайлау учаскелері кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін де дауыс беру учаскелері ашылған.
Айта кетері, азаматтарға өзімен бірге жеке куәлігін алып жүрудің қажеті жоқ, олар цифрлық құжатпен дауыс бере алады.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады. Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді.