Ресейлік бақылаушылар мәжіліс сайлауы туралы брифингке қатысып жатыр

Жазылу
Ресей Мемлекеттік Думасының бақылаушылары Қазақстандағы парламент сайлауында дауыс беру барысы туралы айтып жатыр. Тікелей эфирді көріңіз
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 46,84%-і бюллетень алды.
Дауыс беру бойынша Қостанай облысы – 62,36%, Шығыс Қазақстан облысы – 58,69%, Жамбыл облысы – 58,32% алда келеді. Ең төмен көрсеткіш әдеттегідей Алматы қаласында. Мегаполис сайлаушыларының тек 15,38 пайызы ғана дауыс берген.
19 наурыз мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда 12 миллионнан астам сайлаушы дауыс бере алады. Сайлау учаскелері кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін де дауыс беру учаскелері ашылған.
Жаңалықтар
0