Қазақстандағы барлық сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевИзбирательный участок №58 в Астане
Избирательный участок №58 в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
Бес өңірде уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру Астана уақытымен таңғы сегізде басталды
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанның барлық 10 146 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10 146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман ОСК отырысында.
Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты 1887 сайлау учаскесі Астана уақытымен сағат сегізде ашылды.
Осылайша қазір 10 164 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Ал шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеуінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады. Бұдан бөлек, бюллетеньге "Бәрімін қарсымын" тармағы қосылған.Парламенттік сайлауда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс беруге құқылы.
Жаңалықтар
0