https://sputnik.kz/20230319/qazaqstanda-saylau-otkizu-dengeyi-bara-bara-zhogarylap-zhatyr--khalyqaralyq-baqylaushy-33107494.html
Қазақстанда сайлау өткізу деңгейі бара-бара жоғарылап жатыр – халықаралық бақылаушы
Қазақстанда сайлау өткізу деңгейі бара-бара жоғарылап жатыр – халықаралық бақылаушы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Халықаралық бақылаушы, РФ Мемлекеттік думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының... 19.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-19T18:56+0500
2023-03-19T18:56+0500
2023-03-19T18:56+0500
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33093168_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_1f57b9b133e24bf91f2a7f0bb3031c08.jpg
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Халықаралық бақылаушы, РФ Мемлекеттік думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының бірінші орынбасары Қазбек Тайсаев Қазақстанда өтіп жатқан сайлаудағы дауыс берушілердің де, депутаттыққа кандидаттардың да жоғары белсенділігін бағалады.Оның айтуынша, таңғы сағат 7-де сайлау учаскелерінде дауыс беруге жастар көп келген. Әдетте бұрын мұндай уақытта негізінен қарт адамдар белсенділік танытатын. Бұл ретте дауыс беру барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды."Қазақстандағы сайлау бара-бара жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл Орталық сайлау комитетінің басшылығы біздің әріптестеріміз, бұрынғы парламент депутаттары болуына да байланысты. Олар өздері дүниежүзін аралап, сайлаудың қалай ұйымдастырылғанын көрді. Сосын кейбір елдерде сол көрген-білгендерін ескере отырып, оны Қазақстан тәжірибесіне енгізген сияқты", - деп есептейді Қазбек Тайсаев.Сондай-ақ халықаралық бақылаушы депутаттыққа кандидаттардың жоғары белсенділігін атап өтті."Бір депутаттық мандатқа 30-дан астам үміткер өтініш білдірген кандидаттардың мұндай белсенділігін бірде-бір елде кездестірмедім. Бұл өте жақсы деп ойлаймын. Бұл адамдардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты үлкен қызығушылығын көрсетеді. Дауыс берушілер сайлау учаскелеріне келген кезде саналы түрде өз таңдауын жасайды. Өйткені олар туған жерінде лайықты өмір сүруді, балалардың болашағы жарқын, қариялар лайықты өмір сүруін қалайды. Сонымен қатар бұл президент бастаған реформаларды халық қолдап, олар туған елінің дамуына үлес қосқысы келетінін білдіреді", - деді Қазбек Тайсаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33093168_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_c6d857d35314e7449860de203e873274.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
Қазақстанда сайлау өткізу деңгейі бара-бара жоғарылап жатыр – халықаралық бақылаушы
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Халықаралық бақылаушы, РФ Мемлекеттік думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының бірінші орынбасары Қазбек Тайсаев Қазақстанда өтіп жатқан сайлаудағы дауыс берушілердің де, депутаттыққа кандидаттардың да жоғары белсенділігін бағалады.
"Сайлаудың қорытындысы бойынша сайлаушылардың қатысу пайызы айтарлықтай жоғары болады. Өйткені халықтың ынтасы жоғары. Бұл халықтың осы сайлау конституциялық реформалардың жалғасы екенін түсініп отырғанын көрсетеді. Олар аралас жүйені жақсы қабылдады және жаңа депутаттардан не күтетінін біледі. Мұндай саяси белсенділік барлық елде бірдей кездесе бермейді", - деді ол Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, таңғы сағат 7-де сайлау учаскелерінде дауыс беруге жастар көп келген. Әдетте бұрын мұндай уақытта негізінен қарт адамдар белсенділік танытатын. Бұл ретте дауыс беру барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
"Қазақстандағы сайлау бара-бара жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл Орталық сайлау комитетінің басшылығы біздің әріптестеріміз, бұрынғы парламент депутаттары болуына да байланысты. Олар өздері дүниежүзін аралап, сайлаудың қалай ұйымдастырылғанын көрді. Сосын кейбір елдерде сол көрген-білгендерін ескере отырып, оны Қазақстан тәжірибесіне енгізген сияқты", - деп есептейді Қазбек Тайсаев.
Сондай-ақ халықаралық бақылаушы депутаттыққа кандидаттардың жоғары белсенділігін атап өтті.
"Бір депутаттық мандатқа 30-дан астам үміткер өтініш білдірген кандидаттардың мұндай белсенділігін бірде-бір елде кездестірмедім. Бұл өте жақсы деп ойлаймын. Бұл адамдардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысты үлкен қызығушылығын көрсетеді. Дауыс берушілер сайлау учаскелеріне келген кезде саналы түрде өз таңдауын жасайды. Өйткені олар туған жерінде лайықты өмір сүруді, балалардың болашағы жарқын, қариялар лайықты өмір сүруін қалайды. Сонымен қатар бұл президент бастаған реформаларды халық қолдап, олар туған елінің дамуына үлес қосқысы келетінін білдіреді", - деді Қазбек Тайсаев.