Мәжіліс сайлауы: үш сағат ішінде қазақстандықтардың 14,21%-і дауыс берді

© Sputnik / Абзал Калиевсайлау учаскесі
сайлау учаскесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша дауыс берген сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21%-і немесе 1 710 381 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Ең белсенді өңірлер – Павлодар облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы. Ал Алматы қаласы тұрғындарының белсенділігі әзірге төмен.
Өңірлер:
Абай облысы бойынша – 15,13%
Ақмола облысы бойынша – 15,61%
Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%
Алматы облысы бойынша – 15,32 %
Атырау облысы бойынша – 12,94 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96 %
Жамбыл облысы бойынша – 16,54%
Жетісу облысы бойынша – 15,93%
Қарағанды облысы бойынша – 16,31 %
Қостанай облысы бойынша – 16,23 %
Қызылорда облысы бойынша – 12,64%
Маңғыстау облысы бойынша –12,36 %
Павлодар облысы бойынша – 16,49 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93 %
Түркістан облысы бойынша – 15,62%
Ұлытау облысы бойынша – 16,38 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11 %
Астана қаласы бойынша – 13,58 %
Алматы қаласы бойынша – 8,51 %
Шымкент қаласы бойынша – 12,57%.
Айта кетері, республика бойынша барлығы 10 146 сайлау учаскесі ашылған. Сондай-ақ 62 шет мемлекетте 77 учаске құрылды. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 млн 32 мың 550 қазақстандық енгізілген.

Биліктен кімдер дауыс беріп үлгерді

Дауыс берудің басталғанына небәрі үш сағат өтсе де, саяси тұлғалардың біразы өз таңдауын жасап қойды. Олардың арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Осы жолы БАҚ өкілдерінде президентке сұрақ қою мүмкіндігі болмады. Өйткені мемлекет басшысы жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілгендіктен, сайлау учаскесіне жоспарланған уақыттан ерте барған.
Премьер-министр Әлихан Смайылов та мәжіліс және мәслихаттар сайлауында дауыс берді. Оның айтуынша, мәжілістің жаңа құрамы сайланғаннан кейін үкімет отставкаға кетеді. Өз таңдауын жасағандар арасында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Алматы басшысы Ерболат Досаев та бар.
Айтпақшы, оңтүстіктегі мегаполистің әкімі сайлау учаскесіне дәстүрге сай жұбайымен бірге келді. Сондай-ақ сенат спикері Мәулен Әшімбаев, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин де азаматтық борышын орындады.
Мәжіліс депутаты мандатына таласып жатқан саяси партиялардың төрағалары да сайлау учаскелерінде бой көрсетті.
Жаңалықтар
0