Мәжіліс сайлауы – 2023: қазақстандықтардың 54,19 пайызы дауыс берді

© Sputnik / Абзал КалиевВ пресс-центре Центральной избирательной комиссии Казахстана
В пресс-центре Центральной избирательной комиссии Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
Қазақстанның барлық өңірінде дауыс беру аяқталды, қазір дауыстар саналып жатыр
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 22.00-дегі жағдай бойынша мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берген азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19%-і немесе 6 521 860 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Өңірлер бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 57,02%
2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 58,00%
4. Алматы облысы бойынша – 60,03%
5. Атырау облысы бойынша – 51,23%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,20%
7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%
8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%
10. Қостанай облысы бойынша – 65,10%
11. Қызылорда облысы бойынша – 67,21%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,10%
13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%
15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%
16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%
18. Астана қаласы бойынша – 42,91%
19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%
20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%
Өңірлер арасында Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары жоғары белсенділік танытты. Бұл өңірлерде сайлаушылардың 65 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған.
Ал республика бойынша ең төмен көрсеткіш әдеттегідей Алматы қаласында тіркелді. Тұрғындардың небәрі 25,82 пайызы ғана азаматтық борышын орындаған. Астана мен Шымкент қалаларында да дауыс бергендер саны 50%-ке жетпеді.
Елдің он бес өңірінде сайлау учаскелері елорда уақытымен 20.00-де жабылады. Қалған бес өңірде уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру Астана уақытымен 21.00-де аяқталды.
Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы үшін барлығы 10 223 сайлау учаскесі құрылған болатын, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте ашылды. Сайлаушылар тізіміне 12 миллионнан аса азамат енгізілді. Биылғы парламенттік сайлауда халық тек саяси партияларға ғана емес, бірмандатты округтер бойынша түсетін нақты кандидаттарға да дауыс берді.
Дауыс берудің алдын ала қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы ертең жариялайды.
Жаңалықтар
0