Сайлаушылар саны айтарлықтай жоғары болады – бақылаушы

© SputnikБаир Жамсуев
Баир Жамсуев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Жазылу
Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы кезектен тыс сайлауға қатысты өз пікірін білдірді
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Ресей Федерация кеңесінің халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Баир Жамсуев Sputnik Қазақстан алаңында өткен брифингте сайлаушылардың белсенділігін атап өтті.
"Соңғы 20 жылда Қазақстанда алғаш рет сайлау бір мандатты округтер бойынша өтіп жатыр. Бір мандатты округтер бойынша сайлау депутаттық үшін таласқа түсетін кандидаттардың жоғары бәсекеге қабілеттілігін айқындайтыны анық. Сондықтан ол әлдеқайда қалың бұқараның қызығушылығын тудырады. Бұл сайлаушылардың белсенділігін арттырады. Өйткені кандидаттарды қолдаушылар мен оларға қарсы азаматтар да келіп жатыр", - деді Жамсуев.
Оның пайымдауынша, сайлаушылардың белсенділігі айтарлықтай жоғары болады және елдің заң шығарушы органының маңызды өкілі ретінде мәжіліс депутаттарын сайлауға Қазақстан қоғамының қызығушылығын көрсетеді.
Комитет басшысы халықаралық бақылаушылардың сайлау учаскелерін аралау кезінде неге назар аударатынын айтты.
"Сайлау учаскелерін аралағанда ең алдымен сайлау учаскесінің атауы мен нөмірі бар-жоғына назар аударамын. Сайлау комиссияларының төрағасымен, учаскелік комиссия мүшелерімен сөйлескен кезде учаскеде қанша адам тіркелгенін, қанша адам келгенін, шағымдар немесе адам сайлау учаскесіне келе алмай, учаскелік комиссия мүшелерінің үйге келуін өтінгені туралы арыздар бар-жоғын сұраймыз. Бақылаушыларға қандай да бір заң бұзушылықтардың тіркелуіне қатысты сұрақтар қоямыз", - деп түсіндірді Жамсуев.
Оның айтуынша, бүгін олар бес сайлау учаскесін аралады және ол жақта барлығы қалыпты және заң бұзушылықсыз өтіп жатыр.
Ресей Федерациясы кеңесінің бюджет және қаржы нарығы комитетінің мүшесі Татьяна Сахарова түрлі-түсті бюллетеньдерге назар аударды. Оның пікірінше, 40-қа жуық кандидат сайлауға түсіп жатқан дауыс беру учаскелерінде түрлі-түсті бюллетеньдер санақты жылдамырақ жүргізуге мүмкіндік береді.
"Орталық сайлау комиссиясындағылар бізге сайлау комиссиясының төрағалары мен барлық мүшесінің дайындығы қалай жүргізілгені туралы айтып берді. Келген және қандай да бір сұрағы бар адам толық әрі жан-жақты ақпарат алады. Мұны біз бірден байқадық. Таңғы сағат 7 шамасында сайлау учаскесіне дауыс беру үшін адамдар келіп жатты. Сауалы бар адамдардың барлығы толық жауап алды", - деді ол.
Жаңалықтар
0