https://sputnik.kz/20230319/aqsh-tan-kelgen-baqylaushy-meni-adamdardyn-osy-saylaudagy-ynta-yqylasy-qyzyqtyrdy-33085040.html
АҚШ-тан келген бақылаушы: мені адамдардың осы сайлаудағы ынта-ықыласы қызықтырды
АҚШ-тан келген бақылаушы: мені адамдардың осы сайлаудағы ынта-ықыласы қызықтырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. АҚШ атынан бақылаушы, "Wikistrat Global Consultancy" аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушылары миссиясының мүшесі... 19.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-19T12:52+0500
2023-03-19T12:52+0500
2023-03-19T12:52+0500
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33076949_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_369974898464bca58e0d771f0dbee61b.jpg
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. АҚШ атынан бақылаушы, "Wikistrat Global Consultancy" аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушылары миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вейтц баспасөз конференциясында Алматыдағы сайлауды бақылау кезінде қандай әсер алғанын айтты, деп хабарлады аймақтық коммуникациялар қызметі.АҚШ-тан келген бақылаушы таң атқалы Алматыдағы 12 сайлау учаскесінде болған, енді онына баруға ниетті. Ричард Уильм Вейтцпен бірге Қазақстанға тәуелсіз бақылаушылар миссиясынан тағы үш адам келген, олар Астанада жұмыс істеп жатыр."Біздің басты мақсатымыз – дауыс беру кезінде болу, сонымен қатар маңызды тағы бір мақсат – Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай контекстінде сайлауды бақылау және бағалау үшін кеңірек контекстті қамтамасыз ету", - деді ол.Ричард Уильям Вейтцтың пікірінше, Қазақстандағы осы маңызды саяси кезеңде АҚШ-тың болуы Америка-Қазақстан қарым-қатынасының маңыздылығын, Қазақстанның Орталық Азиядағы, кеңірек айтқанда, Солтүстік Атлантикалық қауымдастықтағы өмірлік маңызды рөлін растайды.Сондай-ақ ол бұл сайлауда халықтың ынта-жігері қызықтырғанын айтты, өйткені сайлауда тәуелсіз кандидаттар, плакаттар мен үгіт-насихат жұмыстары көп.АҚШ пен Қазақстандағы сайлауды салыстыра отырып, спикер АҚШ-тың сайлау жүйесі Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленетінін айтты. Оның айтуынша, қазақстандық жүйені Германия мен Францияның саяси жүйелерімен салыстыруға болады.Америкалық бақылаушы Қазақстандағы пікірсайыстарға көбірек ақша бөлуге болар ма еді деген пікір айтты, өйткені АҚШ-та, мысалы, оған миллиондаған доллар жұмсайды, ал Қазақстанда әлдеқайда аз ақша бөлінеді."Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде, дауыс берушілер аз. Маған бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады деді. Сайлаушылардың басым бөлігі үлкен кісілер болды. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көреді", - деді Ричард Уильям Вейтц.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33076949_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_2977d8efbd26963f297536a4ee92f895.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. АҚШ атынан бақылаушы, "Wikistrat Global Consultancy" аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушылары миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вейтц баспасөз конференциясында Алматыдағы сайлауды бақылау кезінде қандай әсер алғанын айтты, деп хабарлады аймақтық коммуникациялар қызметі.
АҚШ-тан келген бақылаушы таң атқалы Алматыдағы 12 сайлау учаскесінде болған, енді онына баруға ниетті. Ричард Уильм Вейтцпен бірге Қазақстанға тәуелсіз бақылаушылар миссиясынан тағы үш адам келген, олар Астанада жұмыс істеп жатыр.
"Біздің басты мақсатымыз – дауыс беру кезінде болу, сонымен қатар маңызды тағы бір мақсат – Қазақстандағы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдай контекстінде сайлауды бақылау және бағалау үшін кеңірек контекстті қамтамасыз ету", - деді ол.
Ричард Уильям Вейтцтың пікірінше, Қазақстандағы осы маңызды саяси кезеңде АҚШ-тың болуы Америка-Қазақстан қарым-қатынасының маңыздылығын, Қазақстанның Орталық Азиядағы, кеңірек айтқанда, Солтүстік Атлантикалық қауымдастықтағы өмірлік маңызды рөлін растайды.
"Біз трансұлттық лаңкестікпен күрес, аймақтық қақтығыстарды реттеу, экономикалық ресурстарды игеру, әлеуметтік-экономикалық даму сияқты салаларда ынтымақтасамыз", - деп атап өтті бақылаушы.
Сондай-ақ ол бұл сайлауда халықтың ынта-жігері қызықтырғанын айтты, өйткені сайлауда тәуелсіз кандидаттар, плакаттар мен үгіт-насихат жұмыстары көп.
АҚШ пен Қазақстандағы сайлауды салыстыра отырып, спикер АҚШ-тың сайлау жүйесі Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленетінін айтты. Оның айтуынша, қазақстандық жүйені Германия мен Францияның саяси жүйелерімен салыстыруға болады.
Америкалық бақылаушы Қазақстандағы пікірсайыстарға көбірек ақша бөлуге болар ма еді деген пікір айтты, өйткені АҚШ-та, мысалы, оған миллиондаған доллар жұмсайды, ал Қазақстанда әлдеқайда аз ақша бөлінеді.
"Әзірге ешқандай заң бұзушылықты көрмедім, сайлау тыныш өтуде, дауыс берушілер аз. Маған бүгін жексенбі болғандықтан күндіз және кешке адамдар көп болады деді. Сайлаушылардың басым бөлігі үлкен кісілер болды. Жастар жексенбі күні таңертең ұйықтап, күндіз дауыс бергенді жөн көреді", - деді Ричард Уильям Вейтц.