https://sputnik.kz/20230319/almatydagy-saylau-uchaskelerinde-baqylaushylardyn-sany-kop-33066247.html
Алматыдағы сайлау учаскелерінде бақылаушылардың саны көп
Алматыдағы сайлау учаскелерінде бақылаушылардың саны көп
Алматыда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау күні алты жүз сайлау учаскесі ашылды 19.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-19T10:16+0600
2023-03-19T10:16+0600
2023-03-19T10:16+0600
мәжіліс сайлауы
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33058946_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_aa3666425c2ab387c69843081f85a608.jpg
АЛМАТЫ, 19 наурыз - Sputnik. Алматыда мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында бақылаушылар саны өте көп. Олар - үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар мен кандидаттардың бақылаушылары. Алматы қаласының 91 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ғазиза Аманбайдың айтуынша, алғашқы дауыс беруге ниет білдіргендер учаске ашылғанға дейін де келген. Учаскелік комиссия төрағасы бұрын өткен сайлаумен салыстырғанда бұл жолы байқаушылар саны едәуір көп екенін айтты. "Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау болғандықтан бақылаушылар көбірек. Әр үміткердің сенімді адамдары өте көп. Себебі біздің 4 округтен мәжіліс депутаттығына 28 кандидат, ал мәслихат бойынша – сегіз кандидат сайлауға түседі. Тиісінше, әрине, бақылаушылар көп", - деді Ғазиза Аманбай.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33058946_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_2d0fe63934fa9d824c224304684a76e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
Алматыдағы сайлау учаскелерінде бақылаушылардың саны көп
Алматыда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау күні алты жүз сайлау учаскесі ашылды
АЛМАТЫ, 19 наурыз - Sputnik. Алматыда мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында бақылаушылар саны өте көп. Олар - үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар мен кандидаттардың бақылаушылары.
Алматы қаласының 91 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ғазиза Аманбайдың айтуынша, алғашқы дауыс беруге ниет білдіргендер учаске ашылғанға дейін де келген.
"Таңертеңгі алтыдан бастап учаскені ашуға дайындық басталды, бір стационарлық және екі портативті жәшіктер мөрленді. Комиссия мүшелері барлығы орнында, бақылаушылар тіркелді. Негізінде, таңғы сағат 7.30-да жиырмаға жуық сайлаушы келіп, дауыс берді", - дейді ол.
Учаскелік комиссия төрағасы бұрын өткен сайлаумен салыстырғанда бұл жолы байқаушылар саны едәуір көп екенін айтты.
"Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау болғандықтан бақылаушылар көбірек. Әр үміткердің сенімді адамдары өте көп. Себебі біздің 4 округтен мәжіліс депутаттығына 28 кандидат, ал мәслихат бойынша – сегіз кандидат сайлауға түседі. Тиісінше, әрине, бақылаушылар көп", - деді Ғазиза Аманбай.