https://sputnik.kz/20230318/yuriy-ilin-aqtobe-oblysyndagy-su-tasqyny-bolgan-audanga-attandy-33046479.html
Юрий Ильин Ақтөбе облысындағы су тасқыны болған ауданға ұшып кетті
Юрий Ильин Ақтөбе облысындағы су тасқыны болған ауданға ұшып кетті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасымен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысына ұшып кетті, деп хабарлады... 18.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-18T10:39+0500
2023-03-18T10:39+0500
2023-03-18T10:40+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e5/04/16/16859091_0:24:3080:1757_1920x0_80_0_0_9b9e20965ed218fa0462264131eaa3b3.jpg
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасымен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысына ұшып кетті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Ол елді мекендердегі су тасқынының салдарын жою жұмыстарын бақылайды.Естеріңізге сала кетейік, күн күрт жылынып, қардың тез еруінен Қобда және Ойыл аудандарының елді мекендерін су басты.Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 400-ден астам адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта бұрын эвакуацияланған 140 адам өз үйіне оралды, 70-тен астам адам уақытша эвакуациялау пунктіне, 240-тан астам адам туыстарының үйіне орналасты. 4 000-нан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.Бұл аудандарда жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға, су тасқыны салдарын жоюға ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдар, ІІМ және облыстың басқа да мүдделі құрылымдарының жеке құрамынан 900-ге жуық адам, 650 техника, соның ішінде су сору құралдары жұмылдырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/16/16859091_66:0:2797:2048_1920x0_80_0_0_74a42047beafe458080902d76a6bf647.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасымен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысына ұшып кетті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Ол елді мекендердегі су тасқынының салдарын жою жұмыстарын бақылайды.
Естеріңізге сала кетейік, күн күрт жылынып, қардың тез еруінен Қобда және Ойыл аудандарының елді мекендерін су басты.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 400-ден астам адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта бұрын эвакуацияланған 140 адам өз үйіне оралды, 70-тен астам адам уақытша эвакуациялау пунктіне, 240-тан астам адам туыстарының үйіне орналасты. 4 000-нан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.
Бұл аудандарда жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға, су тасқыны салдарын жоюға ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдар, ІІМ және облыстың басқа да мүдделі құрылымдарының жеке құрамынан 900-ге жуық адам, 650 техника, соның ішінде су сору құралдары жұмылдырылды.