https://sputnik.kz/20230318/qazindustry-otandyq-tauarlardy-ishki-naryqqa-ilgeriletu-shygyndaryn-oteydi-33043862.html
Qazindustry отандық тауарларды ішкі нарыққа ілгерілету шығындарын өтейді
Qazindustry отандық тауарларды ішкі нарыққа ілгерілету шығындарын өтейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Qazindustry Қазастандық индустрия және экспорт орталығы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларымен қолдау жөніндегі... 18.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-18T14:10+0500
2023-03-18T14:10+0500
2023-03-18T14:10+0500
отандық өнім
https://sputnik.kz/img/old/901/02/9010268_0:62:1205:739_1920x0_80_0_0_eb0195577257efd4161d2b941ba9b225.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Qazindustry Қазастандық индустрия және экспорт орталығы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларымен қолдау жөніндегі бағдарламаны іске қосады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған бағдарламаға өтінім биыл 20 наурыздан бастап қабылданады. Өтінімді электронды форматта ресми сайт арқылы жолдауға болады.Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті іске асыратын субъектілер шығындарының бір бөлігі мынадай шығын түрлері бойынша өтеледі:1) Елімізде өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің "Техникалық реттеу туралы" заңына сәйкес Қазақстан аумағында рұқсат етілген техникалық регламенттерде немесе стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығындар. Оның ішінде:2) Жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру белгілерін салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындарға:Сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асыратын субъектінің 50% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/02/9010268_68:0:1135:800_1920x0_80_0_0_43df3c87adecf3c8c6895bb12648e178.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отандық өнім
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Qazindustry Қазастандық индустрия және экспорт орталығы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларымен қолдау жөніндегі бағдарламаны іске қосады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған бағдарламаға өтінім биыл 20 наурыздан бастап қабылданады. Өтінімді электронды форматта ресми сайт арқылы жолдауға болады.
Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті іске асыратын субъектілер шығындарының бір бөлігі мынадай шығын түрлері бойынша өтеледі:
1) Елімізде өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің "Техникалық реттеу туралы" заңына сәйкес Қазақстан аумағында рұқсат етілген техникалық регламенттерде немесе стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығындар. Оның ішінде:
отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалауды іске асыруға;
сынақ нәтижелерінің сараптамасын қоса алғанда, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар орындауға байланысты;
инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;
сертификаттарды тіркеп, қайта ресімдеу мен ұзартуға.
2) Жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру белгілерін салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындарға:
сәйкестендіру жабдықтарын сатып алуға;
өнім шығару сатысында сәйкестендіру белгілерін салуға арналған типографиялық қызметтерді сатып алуға;
инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру аппараттарын немесе тасымалдау материалдарын салуға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға.
Сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асыратын субъектінің 50% мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі.