https://sputnik.kz/20230318/elordalyq-darigerler-sirek-diagnoz-qoyylgan-nauqasqa-kurdeli-ota-zhasady-33052562.html
Елордалық дәрігерлер сирек диагноз қойылған науқасқа күрделі ота жасады
Елордалық дәрігерлер сирек диагноз қойылған науқасқа күрделі ота жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. 60 жастағы алматылық тұрғында жалпы ұйқы күретамырының бітелуі анықталды. Яғни, мұндай жағдайда миға қан кідіріспен келеді. Вахит... 18.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-18T19:01+0500
2023-03-18T19:01+0500
2023-03-18T19:01+0500
дәрігер
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_fa549912332e3e9ea42b570e511b9d00.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. 60 жастағы алматылық тұрғында жалпы ұйқы күретамырының бітелуі анықталды. Яғни, мұндай жағдайда миға қан кідіріспен келеді. Вахит Премхановтың отадан кейін оңалуына бір апта уақыт кеткен."Астана" телеарнасы хабарлағандай, бір ай бұрын инсульт алғанына қарамастан, алматылық ер адам қазір өзін жақсы сезінеді.Сол кезде оның ұйқы күретамырынан миға қан баруына кедергі келтіретін тромб табылып, қауіпті операцияға тәуекел етуге бола ма, жоқ па деген мәселе туындаған."Сол жағым істемей қалды, олар инсульт деген диагноз қойып, маған ота жасау керек болды. Мен отаны Астанада жасатуды ұйғардым. Себебі мұнда ең білікті дәрігерлер бар. Оның үстіне бұл президент ауруханасы. Мен өз деректерімді жолдадым. Олар маған шақырту жіберді және келген бойда ауруханаға жатқызып, тексеріп, тиісті талдаулар жасап, барлық қажеттіні істеді. Аллаға шүкір, қазір бәрі жақсы", - деді алматылық науқас Вахит Премханов.Дәрігерлер бұл патология сирек кездесетінін айтты. Абылай Сейітқалиев 12 жыл дәрігерлік тәжірибесінде бұғана асты ішкі ұйқы күретамырын шунттау бойынша санаулы операция жасағанын айтты.Бұл емдеу мекемесінде жыл басынан бері бірінші рет осындай ота жасалып отыр. Өткен жылы дәрігерлер мұндай диагноз қойылған тоғыз науқасты аман алып қалған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/882/73/8827321_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c2e2ab330eab2efd1fdf222bd4620791.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. 60 жастағы алматылық тұрғында жалпы ұйқы күретамырының бітелуі анықталды. Яғни, мұндай жағдайда миға қан кідіріспен келеді. Вахит Премхановтың отадан кейін оңалуына бір апта уақыт кеткен.
"Астана" телеарнасы хабарлағандай, бір ай бұрын инсульт алғанына қарамастан, алматылық ер адам қазір өзін жақсы сезінеді.
Сол кезде оның ұйқы күретамырынан миға қан баруына кедергі келтіретін тромб табылып, қауіпті операцияға тәуекел етуге бола ма, жоқ па деген мәселе туындаған.
"Сол жағым істемей қалды, олар инсульт деген диагноз қойып, маған ота жасау керек болды. Мен отаны Астанада жасатуды ұйғардым. Себебі мұнда ең білікті дәрігерлер бар. Оның үстіне бұл президент ауруханасы. Мен өз деректерімді жолдадым. Олар маған шақырту жіберді және келген бойда ауруханаға жатқызып, тексеріп, тиісті талдаулар жасап, барлық қажеттіні істеді. Аллаға шүкір, қазір бәрі жақсы", - деді алматылық науқас Вахит Премханов.
Дәрігерлер бұл патология сирек кездесетінін айтты. Абылай Сейітқалиев 12 жыл дәрігерлік тәжірибесінде бұғана асты ішкі ұйқы күретамырын шунттау бойынша санаулы операция жасағанын айтты.
"Бұл операция кезінде бізде өте аз уақыт бар. Яғни біз ұйқы күретамырын қысып тұрамыз. Сондықтан операция кезіндегі кез келген әрекет инсультке әкелуі мүмкін. Сол себепті біз барынша жылдам әрекет етіп, әрі қырағылық пен мұқияттылықты ұмытпауымыз керек", - деді ҚР Президент істері басқармасының медициналық орталығы ауруханасының қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Абылай Сейітқалиев.
Бұл емдеу мекемесінде жыл басынан бері бірінші рет осындай ота жасалып отыр. Өткен жылы дәрігерлер мұндай диагноз қойылған тоғыз науқасты аман алып қалған.