https://sputnik.kz/20230318/aqtobe-oblysyndagy-su-tasqyny-140-adam-uyine-oraldy-33052114.html
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: 140 адам үйіне оралды
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: 140 адам үйіне оралды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов әуеден... 18.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-18T18:27+0500
2023-03-18T18:27+0500
2023-03-18T18:31+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/03/12/33052273_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_dadb638d65c0421d1aead209a8af9892.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов әуеден барлау жұмысын жүргізіп, аймақтағы қазіргі ахуалмен, сондай-ақ Қобда және Ойыл аудандарында су тасқыны салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Еске салсақ, облыстың екі ауданында қардың қарқынды еруі мен еріген қар суының ағуы салдарынан тұрғын үйлер, аула аумақтары мен қосалқы шаруашылықтар су астында қалды. Жасақталған тиісті комиссия қорытындысы бойынша 19 үй мен 12 аула аумағы су астында қалып отыр. Сондықтан бұл аумақта су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.Жұмылдырылған күштер мен құралдардың көмегімен 400-ден астам адам жедел және алдын ала эвакуацияланып, олар туыстарының үйлеріне және эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Қазір 140 адам өзі үйлеріне оралды. 4000-нан астам мал қауіпсіз жерге айдалды.Юрий Ильин су тасқынының салдарын жоюды жеделдету бойынша бірқатар нақты тапсырма беріп, болашақта осындай қауіптерді барынша азайту жолдарын атап өтті."Біз зардап шеккен аудандардың жағдайын әуеден барлау жұмысын аяқтадық. Әзірше Ойыл ауданында жағдай күрделі. Ойыл ауданының елді мекенінен еріген қар суын жеделдетіп өткізу үшін инженерлік техника жөнелту туралы шешім қабылданды. Жергілікті атқарушы органдардың бағалау комиссиясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр және жақын уақытта азаматтардың мүлкі мен келтірілген залалды бағалау бойынша өз жұмысын аяқтайды. ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы барлық үйден су сору толық аяқталғанға дейін жалғасады. Жағдай бақылауда", - деді Юрий Ильин.Оның айтуынша, алдағы 10 күнде облыстың солтүстік аудандарында қар еріп таусылады және әзірге су ағынының мұндай жоғары деңгейі күтілмейді.Министрлік хабарлағандай, бір тәулікте Байғанин, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында инертті материал бар қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 10 мыңнан астам қап төселіп, 30 мың текше метрге жуық су сорылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/12/33052273_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_a4719242abce7f3651ed37ddeada2fe3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов әуеден барлау жұмысын жүргізіп, аймақтағы қазіргі ахуалмен, сондай-ақ Қобда және Ойыл аудандарында су тасқыны салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, облыстың екі ауданында қардың қарқынды еруі мен еріген қар суының ағуы салдарынан тұрғын үйлер, аула аумақтары мен қосалқы шаруашылықтар су астында қалды. Жасақталған тиісті комиссия қорытындысы бойынша 19 үй мен 12 аула аумағы су астында қалып отыр. Сондықтан бұл аумақта су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жұмылдырылған күштер мен құралдардың көмегімен 400-ден астам адам жедел және алдын ала эвакуацияланып, олар туыстарының үйлеріне және эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Қазір 140 адам өзі үйлеріне оралды. 4000-нан астам мал қауіпсіз жерге айдалды.
Юрий Ильин су тасқынының салдарын жоюды жеделдету бойынша бірқатар нақты тапсырма беріп, болашақта осындай қауіптерді барынша азайту жолдарын атап өтті.
"Біз зардап шеккен аудандардың жағдайын әуеден барлау жұмысын аяқтадық. Әзірше Ойыл ауданында жағдай күрделі. Ойыл ауданының елді мекенінен еріген қар суын жеделдетіп өткізу үшін инженерлік техника жөнелту туралы шешім қабылданды. Жергілікті атқарушы органдардың бағалау комиссиясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр және жақын уақытта азаматтардың мүлкі мен келтірілген залалды бағалау бойынша өз жұмысын аяқтайды. ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы барлық үйден су сору толық аяқталғанға дейін жалғасады. Жағдай бақылауда", - деді Юрий Ильин.
Оның айтуынша, алдағы 10 күнде облыстың солтүстік аудандарында қар еріп таусылады және әзірге су ағынының мұндай жоғары деңгейі күтілмейді.
Министрлік хабарлағандай, бір тәулікте Байғанин, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында инертті материал бар қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 10 мыңнан астам қап төселіп, 30 мың текше метрге жуық су сорылды.