https://sputnik.kz/20230318/aqtobe-oblysynda-baspanasynan-ayyrylgandarga-zhana-uy-beriledi-33047345.html
Ақтөбе облысында баспанасынан айырылғандарға жаңа үй беріледі
Ақтөбе облысында баспанасынан айырылғандарға жаңа үй беріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданында әкім су тасқыны кезінде баспанасынан айырылғандарға жаңа үй беруге уәде етті, деп хабарлады КТК... 18.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-18T13:39+0500
2023-03-18T13:39+0500
2023-03-18T13:39+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданында әкім су тасқыны кезінде баспанасынан айырылғандарға жаңа үй беруге уәде етті, деп хабарлады КТК телеарнасы.Ақтөбе облысында Қобда ауылынан кейін Ойыл ауданындағы Қаратал ауылы су астында қалды. Елдімекен тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға тура келді. Ауыл тұрғындары мектепке уақытша орналастырылды. Облыстық орталықтан ТЖД күштері мен құралдары шұғыл түрде іске кірісті.Қызыл су Қаратал ауылын күндіз су басып қалды. Қатерді алдын ала болжап, қам жасағанымен бұл шаралар көмектеспеді. Арнасынан тасыған өзен бірден ауылды алып кетті.Селден газ құбыры да жұлынып кеткен, бірақ әкімдік тұрғындарға қауіп жоқ деп сендірді. Шенеуніктердің айтуынша, ешкім зардап шекпеді, үйлер аман. Алайда бұл тек алдын ала мәліметтер. Су тасқынынан аман қалған Қобда ауданының тұрғындары шығынды есептеп жатыр. Залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмысын бастады.Қобда ауданының тағы бес ауылы өркениеттен ажырап қалды. Ауылға азық-түлік моторлы қайықтармен жеткізіліп жатыр. Қосөткел, Байтақ ауылдарында және Қазақай қыстауында адамдар жарықсыз отыр: су электр желілерін бұзып кеткен.Ал Қобда ауданының әкімі тұрғындарға жаңа баспана уәде етті."Егер жалғызүй апаттыдеп саналса, болашақта олпорталға апаттыүй ретіндешығарылады жәнетіркеледі. Сізсенімді түрде: "маған жаңаүй сал" деп айтааласыз. Біз ұсыныстарды қабылдаймыз. Бізде пәтерлердің жобасы бар, салынып жатыр", - деді Қобда ауданының әкімі Болат Құлов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Қобда ауданында әкім су тасқыны кезінде баспанасынан айырылғандарға жаңа үй беруге уәде етті, деп хабарлады
КТК телеарнасы.
Ақтөбе облысында Қобда ауылынан кейін Ойыл ауданындағы Қаратал ауылы су астында қалды. Елдімекен тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға тура келді. Ауыл тұрғындары мектепке уақытша орналастырылды. Облыстық орталықтан ТЖД күштері мен құралдары шұғыл түрде іске кірісті.
Қызыл су Қаратал ауылын күндіз су басып қалды. Қатерді алдын ала болжап, қам жасағанымен бұл шаралар көмектеспеді. Арнасынан тасыған өзен бірден ауылды алып кетті.
Селден газ құбыры да жұлынып кеткен, бірақ әкімдік тұрғындарға қауіп жоқ деп сендірді. Шенеуніктердің айтуынша, ешкім зардап шекпеді, үйлер аман. Алайда бұл тек алдын ала мәліметтер. Су тасқынынан аман қалған Қобда ауданының тұрғындары шығынды есептеп жатыр. Залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмысын бастады.
Қобда ауданының тағы бес ауылы өркениеттен ажырап қалды. Ауылға азық-түлік моторлы қайықтармен жеткізіліп жатыр. Қосөткел, Байтақ ауылдарында және Қазақай қыстауында адамдар жарықсыз отыр: су электр желілерін бұзып кеткен.
Ал Қобда ауданының әкімі тұрғындарға жаңа баспана уәде етті.
"Егер жалғызүй апаттыдеп саналса, болашақта олпорталға апаттыүй ретіндешығарылады жәнетіркеледі. Сізсенімді түрде: "маған жаңаүй сал" деп айтааласыз. Біз ұсыныстарды қабылдаймыз. Бізде пәтерлердің жобасы бар, салынып жатыр", - деді Қобда ауданының әкімі Болат Құлов.