https://sputnik.kz/20230317/qazaqstandyq-57-oqushy-eki-khalyqaralyq-olimpiadanyn-zhuldegerleri-atandy-33009545.html
Қазақстандық 57 оқушы екі халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды
Қазақстандық 57 оқушы екі халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және "Жібек жолы" халықаралық олимпиадалары аяқталды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз... 17.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-17T08:25+0500
2023-03-17T08:25+0500
2023-08-09T16:03+0500
оқушы
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25956795_0:8:3075:1737_1920x0_80_0_0_3d34532745a5308d92e9cd3ebd4ee198.jpg
Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және "Жібек жолы" халықаралық олимпиадалары аяқталды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі."Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды.Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысаса, "Жібек жолы" олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары сынға түсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/05/25956795_93:0:2822:2047_1920x0_80_0_0_4d68513c66470e8703ec8cf17df2ab47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, олимпиада ойындары
оқушы, олимпиада ойындары
Қазақстандық 57 оқушы екі халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды
08:25 17.03.2023 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және "Жібек жолы" халықаралық олимпиадалары аяқталды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды.
"Бұл халықаралық олимпиадалар қашықтықтан ұйымдастырылды. Қатысушы елдердің ұйымдастыру комитеттері тапсырмалардың шарттарын және бағалау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алып, өз елдерінде олимпиадаларды бір уақытта дербес өткізді. Бұл формат көптеген оқушылардың халықаралық жарыстарға қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік беріп отыр", - дейді "Дарын" РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.
Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысаса, "Жібек жолы" олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары сынға түсті.