https://sputnik.kz/20230317/qazaqstan-sheteldik-agentter-zan-33036639.html
Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдануы мүмкін бе
Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдануы мүмкін бе
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Егер елімізде шетелдік агенттер туралы заң қабылдауды ұсынса, біз өз сараптамамызды жүргіземіз, деп мәлімдеді Қазақстанның адам... 17.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-17T17:42+0500
2023-03-17T17:42+0500
2023-03-17T17:42+0500
қоғам
шетелдік
заң
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33014460_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_993e5bf90e24e3f01e92a786e7e2e10c.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Егер елімізде шетелдік агенттер туралы заң қабылдауды ұсынса, біз өз сараптамамызды жүргіземіз, деп мәлімдеді Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев.Қазақстандық омбудсменнің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесуінде журналистер Артур Ластаевтан Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң пайда болуы мүмкін бе деп сұрады.Айта кетері, 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден ақша немесе басқа да мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялайды. БАҚ өкілдері бұл шетелдік агенттер туралы заңға алғышарт емес пе деп сұрады."Мемлекеттік кірістер органдары бұл саясатты қатаң түрде салық салу мақсатында фискалдық мүдде аясында жүзеге асырады. Бізге әзірге фискалды саясатты желеу етіп адамның құқығын бұзып жатыр деген шағым түскен жоқ. Сол себепті қазіргі таңда қандай да бір заңбұзушылық туралы айту мүмкін емес", - деп атап өтті омбудсмен.Еске салсақ, 7 наурызда Тбилисиде шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы жаппай наразылық акциясы өтті. Заң жобасы қаражаттың 20%-тен астамын шетелдік көздерден алатын кейбір БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарды "шетелдік ықпал ету агенті" деп тіркеуді талап еткен еді.Құқық қорғаушылар екі күн бойы парламенттің алдындағы алаңда митингке шыққандарды таяқ, жас ағызатын газ және суатқыштармен қуып тарқатты.Нәтижесінде Грузия парламенті дау тудырған заңнан бас тартуға мәжбүр болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/11/33014460_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_77d4dd22591c0d15716a8f4616e9baf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шетелдік, заң
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Егер елімізде шетелдік агенттер туралы заң қабылдауды ұсынса, біз өз сараптамамызды жүргіземіз, деп мәлімдеді Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев.
Қазақстандық омбудсменнің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесуінде журналистер Артур Ластаевтан Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң пайда болуы мүмкін бе деп сұрады.
"Менің білуімше, күн тәртібінде мұндай мәселе тұрған жоқ. Егер бұл мәселе көтерілсе, әрине, өз сараптамамызды жүргіземіз. Біздің штат үлкен, тиісті бейінді білімі бар адамдар бар. Біз баға береміз, міндетті түрде өз пікірімізді білдіреміз", - деді ол.
Айта кетері, 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден ақша немесе басқа да мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялайды. БАҚ өкілдері бұл шетелдік агенттер туралы заңға алғышарт емес пе деп сұрады.
"Мемлекеттік кірістер органдары бұл саясатты қатаң түрде салық салу мақсатында фискалдық мүдде аясында жүзеге асырады. Бізге әзірге фискалды саясатты желеу етіп адамның құқығын бұзып жатыр деген шағым түскен жоқ. Сол себепті қазіргі таңда қандай да бір заңбұзушылық туралы айту мүмкін емес", - деп атап өтті омбудсмен.
Еске салсақ, 7 наурызда Тбилисиде шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы жаппай наразылық акциясы өтті. Заң жобасы қаражаттың 20%-тен астамын шетелдік көздерден алатын кейбір БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарды "шетелдік ықпал ету агенті" деп тіркеуді талап еткен еді.
Құқық қорғаушылар екі күн бойы парламенттің алдындағы алаңда митингке шыққандарды таяқ, жас ағызатын газ және суатқыштармен қуып тарқатты.
Нәтижесінде Грузия парламенті дау тудырған заңнан бас тартуға мәжбүр болды.