https://sputnik.kz/20230317/qaragandy-oblysynda-qyzylsha-indeti-qauip-tondirip-tur-33032344.html
Қарағанды облысында қызылша індеті қауіп төндіріп тұр
Қарағанды облысында қызылша індеті қауіп төндіріп тұр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қызылша індетіне алаңдаулы. Жыл басынан бері барлығы 7 өңірде қызылшамен ауырған 20 адам... 17.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-17T16:23+0500
2023-03-17T16:23+0500
2023-03-17T16:23+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1654a1c0e30a58d4e4617eca55aa9c05.jpg
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қызылша індетіне алаңдаулы. Жыл басынан бері барлығы 7 өңірде қызылшамен ауырған 20 адам анықталған, оның 3 жағдайы Қарағанды облысында тіркелген, деп хабарлады ekaraganda.kz порталы."Бүгінгі таңда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметі бойынша қазір әлемнің әртүрлі аймағында қызылшаның таралу қаупі бар, өйткені COVID-19 вакцинациямен қамту көрсеткішін төмендетті. Салдарынан бұл ауруды эпидемиялық бақылау төмендеп кетті", - дейді Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.ДДҰ мәліметі бойынша 2022 жылы әлемде 155,5 мың адам қызылшаны жұқтырған. Биыл қызылша індеті Украина, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанда тарады.Жыл басынан бері Қарағанды облысында қызылшамен14 жасқа дейінгі үш бала ауырған. Үшеуі де бұл індетті Түркияда жұқтырған. Балалар қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қызылша ошағында барлық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара жүргізілді, оның ішінде бұрын байланыста болған адамдарға екпе жасалды. Індет шыққан ошаққа медицина қызметкерлері күнделікті бақылау жүргізеді.Естеріңізге сала кетейік, қызылша – бұл ауа арқылы жұғатын, өте жұқпалы індет. Арнайы екпе алмаған адамдар үшін 100% қауіпті. Қызылшамен ауырған адам әу баста тұмауратқандай күйде болады. Дәрігер көмегіне жүгінбейтіндер де болады.Осы кезеңде адам денесінде 3-4 күнде бөрітпелер пайда болады. Қызылша асқынған жағдайда адам өміріне қауіп төндіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_646:0:2897:1688_1920x0_80_0_0_7dc3561f98e424b61274ed40f6ae8b47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Қарағанды облысында қызылша індеті қауіп төндіріп тұр
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қызылша індетіне алаңдаулы. Жыл басынан бері барлығы 7 өңірде қызылшамен ауырған 20 адам анықталған, оның 3 жағдайы Қарағанды облысында тіркелген, деп хабарлады
ekaraganda.kz порталы.
"Бүгінгі таңда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметі бойынша қазір әлемнің әртүрлі аймағында қызылшаның таралу қаупі бар, өйткені COVID-19 вакцинациямен қамту көрсеткішін төмендетті. Салдарынан бұл ауруды эпидемиялық бақылау төмендеп кетті", - дейді Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
ДДҰ мәліметі бойынша 2022 жылы әлемде 155,5 мың адам қызылшаны жұқтырған. Биыл қызылша індеті Украина, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанда тарады.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында қызылшамен14 жасқа дейінгі үш бала ауырған. Үшеуі де бұл індетті Түркияда жұқтырған. Балалар қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қызылша ошағында барлық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шара жүргізілді, оның ішінде бұрын байланыста болған адамдарға екпе жасалды. Індет шыққан ошаққа медицина қызметкерлері күнделікті бақылау жүргізеді.
"Бұл пациенттер медициналық мекемеден шығарылды. Ай сайын тиісті контингентті вакцинациямен қамтуға мониторинг және талдау жүргізіледі, бұрын әртүрлі себептермен вакцинацияланбаған адамдар арасында иммундау жүйесі бойынша жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ профилактикалық егуден бас тартқандармен де жұмыс жүргіземіз", - дейді ведомство.
Естеріңізге сала кетейік, қызылша – бұл ауа арқылы жұғатын, өте жұқпалы індет. Арнайы екпе алмаған адамдар үшін 100% қауіпті. Қызылшамен ауырған адам әу баста тұмауратқандай күйде болады. Дәрігер көмегіне жүгінбейтіндер де болады.
Осы кезеңде адам денесінде 3-4 күнде бөрітпелер пайда болады. Қызылша асқынған жағдайда адам өміріне қауіп төндіреді.