Ойыл ауданының тұрғындары су тасқыны салдарынан эвакуацияланып жатыр

© Photo : "Диапазон"Ойыл ауданының тұрғындары су тасқыны салдарынан эвакуацияланып жатыр
Ойыл ауданының тұрғындары су тасқыны салдарынан эвакуацияланып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы Қаратал ауылының тұрғындары су тасқыны салдарынан эвакуацияланып жатыр. Қызыл суға Қаратал ауылының айналасындағы топырақ үйіндісінен жасалған қорғаныс төтеп бере алмады. Қорғаныс шайылып, кентті су басу қаупі туындады, деп хабарлады "Диапазон" басылымы.
Оқиға орнында облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев жүр.
Тұрғындар Қаратал ауылдық мектебіне эвакуацияланды. Ақтөбе мен жақын маңдағы аудандардан ТЖД қызметкерлері келді.
Қазақстан ТЖМ Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді түрде жалғасып жатқанын хабарлады.
Бір тәулік ішінде Байғанин, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында 10 мыңнан астам инертті материал салынған қаптар төселді. Шамамен 30 мың текше метр су сорылды.
Жалпы, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе облысы бойынша 390 мың текше метрден астам су сорылды, 26,1 шақырым арық тазартылды, 24 мыңнан астам инертті материал салынған қап төселді, ұзындығы 175 метр уақытша бөгет салынды, ұзындығы 500 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша елді мекендерден шамамен 525 мың текше метр қар шығарылды. Ақтөбеде Сая тұрғын алабынан жоғары және Қарғалы ауданы Петропавловка ауылында 200 метр су бұру каналы қазылды.
Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында 51 тұрғын үйден су айдау жұмыстары жалғасып жатыр. 74 адам уақытша эвакуациялау пункттеріне, 230 адам туыстарының үйіне орналасты.
Облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді. "Жедел желі" телефонына апаттық сипаттағы 116 қоңырау түсті.
Жаңалықтар
0