Мәжіліс сайлауы: сотқа кандидаттардан 166 талап-арыз түскен

© Pixabay / Jana SchneiderПапки с документами
Папки с документами - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар сотқа 166 талап-арыз берген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смағұлов сайлау процесінде туындаған даулар сот тәртібі арқылы да шешілгенін атап өтті.
"Соттарға мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардан барлығы 166 талап-арыз түскен. Оның ішінде Жоғарғы соттың қарауына – 55, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға – 104 және аудандық соттарға 7 талап-арыз берілді", - деді Ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Айтуынша, 166 талап-арыздың 82-сі мәжіліс депутаттығына кандидаттардан, ал қалған 84-і мәслихат депутаттығына үміткерлерден түскен.
"Бүгінде соттарда 164 талап-арыз қаралды. Оның ішінде 49-ы қанағаттандырылды, 84 талап-арызды соттар қанағаттандырудан бас тартты, 15 талап қоюшы арызын кері қайтарып алды, ал 16 арызды сот қараусыз қалдырды", - деді Смағұлов.
Қазір соттардың қарауында мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардан екі талап-арыз жатыр. Сондай-ақ округтік комиссиялардың шешімімен мәжіліс депутаттығына 6 кандидаттың құқығы қалпына келтірілді.
Сотқа түскен 166 талап-арыздың ең көбі кандидаттар ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациялардағы мәліметтердің дұрыс болмауына байланысты болған.
Жаңалықтар
0