https://sputnik.kz/20230317/bagany-negizsiz-kotergen-qostanay-zhylu-kompaniyasy-15-mln-tengege-zhuyq-ayyppul-toleydi-33029948.html
Бағаны негізсіз көтерген Қостанай жылу компаниясы 15 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді
Бағаны негізсіз көтерген Қостанай жылу компаниясы 15 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қостанай тұрғындары жылу компаниясына негізсіз ақы төлеген, деп хабарлады Alau.kz порталы. 17.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-17T15:37+0500
2023-03-17T15:37+0500
2023-03-17T15:37+0500
қостанай
жылу
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182596_0:86:3339:1964_1920x0_80_0_0_fffe38d778c6e26298fcfcfee1c7f28c.jpg
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қостанай тұрғындары жылу компаниясына негізсіз ақы төлеген, деп хабарлады Alau.kz порталы.Былтыр Қостанайдың Текстильщиков, Пушкин көшесі мен 8-ші ықшам ауданның 150-ге жуық тұрғыны Қостанай облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне шағымданған. Тұрғындардың айтуынша, жылумен жабдықтау қызметтеріне төленетін ақы негізсіз көтерілген.Сондай-ақ жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарына жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептелген сома мөлшерінде қайта есептеу жүргізуді талап ететін нұсқамалар берілді."Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2022 жылғы 18 сәуірдегі қаулысымен осы табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 14 702 400 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметі.Алайда бұл істі қайта қараған Қостанай облыстық соты жоғарыда көрсетілген қаулының күшін жойып, іс жүргізуді тоқтатқан."Қостанай облыстық сотының қаулысымен келіспеген табиғи монополияларды реттеу департаменті Жоғарғы сотқа кассациялық шағым жіберді. Жоғарғы сот Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысын өзгеріссіз қалдырды", - деп хабарлады департамент.Осылайша, Қостанай қаласының тұрғындарына жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептелген сомалар қайта есептелетін болды.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182596_304:0:3035:2048_1920x0_80_0_0_7ff088436d2b3b0ff969bb0f27d7defa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, жылу
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қостанай тұрғындары жылу компаниясына негізсіз ақы төлеген, деп хабарлады
Alau.kz порталы.
Былтыр Қостанайдың Текстильщиков, Пушкин көшесі мен 8-ші ықшам ауданның 150-ге жуық тұрғыны Қостанай облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне шағымданған. Тұрғындардың айтуынша, жылумен жабдықтау қызметтеріне төленетін ақы негізсіз көтерілген.
"Тексеру кезінде департамент барлық мекенжай бойынша заң бұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" МКК-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігімен 3 әкімшілік іс қозғалды.
Сондай-ақ жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарына жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептелген сома мөлшерінде қайта есептеу жүргізуді талап ететін нұсқамалар берілді.
"Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2022 жылғы 18 сәуірдегі қаулысымен осы табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 14 702 400 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметі.
Алайда бұл істі қайта қараған Қостанай облыстық соты жоғарыда көрсетілген қаулының күшін жойып, іс жүргізуді тоқтатқан.
"Қостанай облыстық сотының қаулысымен келіспеген табиғи монополияларды реттеу департаменті Жоғарғы сотқа кассациялық шағым жіберді. Жоғарғы сот Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысын өзгеріссіз қалдырды", - деп хабарлады департамент.
Осылайша, Қостанай қаласының тұрғындарына жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептелген сомалар қайта есептелетін болды.