АҚШ әлемді қайта бөлуді бастады

© AFP 2024 / JOE RAEDLEИзбранный президент США Джо Байден
Избранный президент США Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2023
Жазылу
Америкалықтар мен оның одақтастары Қытайдың өсіп жатқан ықпалын тежеуге тырысып, қырғи-қабақ соғыспен қорқытып жатыр. Негізінен, жақын уақытта Австралия Ядролық қаруды таратпау туралы келісімді бұзып, атомдық сүңгуір қайықтар алады, деп жазды РИА Новости.
Сан-Диегодағы Пойнт-Лома әскери-теңіз базасында АҚШ, Австралия және Ұлыбритания басшылары арасындағы келіссөздің негізгі тақырыбы AUKUS үшжақты одағын одан әрі дамыту болды. Бұл альянс бір жарым жыл бұрын "Үнді - Тынық мұхиты аймағындағы тұрақтылықты сақтау" үшін құрылған.
Негізінен атомдық суасты қайықтарын жасау технологиясын, Hobart тектес жойғыш эсминецтерге арналған Tomahawk зымырандарын, F-18 және F-35 жойғыш ұшақтарына арналған JASSM және LRASM оқ-дәрілерін, сондай-ақ қашықтығы 400 километрден асатын жерүсті зымыран жүйелерін жолдау арқылы Австралияны қайта қаруландыру туралы сұхбат жүргізілді. Өз кезегінде Канберра гипердыбыстық және дәлдігі жоғары қаруды бірлесіп дайындауға ақша бөлуге уәде берді.
"Австралиялық әскерилер одақтастардың базаларында дайындықтан өтеді. Америкалық және британиялық сүңгуір қайықтар Австралия порттарына жиі кіре бастайды. 2027 жылдан бастап Вашингтон мен Лондон жергілікті мамандарды дайындауды жеделдету үшін Австралия порттарында суасты қайықтарының тұрақты ротациясын бастайды", - деп жазды автор.
Мақала авторының мәліметінше, 2030 жылға қарай америкалықтар Канберраға кем дегенде үш дана Virginia ядролық кемесін жолдайды. Австралиялықтар 2040 жылға қарай өз өндірісіне жататын суасты қайықтарына иелік етеді. Алдағы 32 жылда олар атомдық флот құруға 245 миллиард доллар жұмсайды. Әзірге атомдық суасты қайықтары тек Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Қытай, АҚШ және Францияда бар.
Ресми түрде AUKUS ешбір елге қарсы бағытталмаған. Дегенмен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак соңғы 18 айда оның еліне қатысты сын-қатер артқанын мәлімдеп, олардың қатарында Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы, Қытай ықпалының күшейе түсуі, Иран мен КХДР "тұрақсыздандырушы" әрекеттері бар екенін айтты. Әскери блоктың Үнді – Тынық мұхиты аймағында әрекет ететінін ескерсек, бірінші кезекте Бейжіңге алаңдауға себеп бар.
The Sydney Morning Herald газеті де Вашингтон мен Лондон Австралияның Қытайдан келетін қауіпке қарсы қорғанысын күшейтетіп жатқанын жазды. Бұл ретте АҚШ президенті Джо Байден Қытайдың AUKUS-қа деген теріс көзқарасына алаңдамайтынын айтты.
Ал Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь АҚШ, Ұлыбритания және Австралия халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын елемей отырғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Бейжің Австралияға атомдық суасты қайықтарын беру ядролық қарудың таралуына әкеліп соқтырады да, бұл қарулану бойынша жарысқа себеп болып, сонымен қатар аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін деп санайды.
Австралияның бұрынғы премьер-министрі Пол Китинг атомдық флот құру Канберраның қате шешімі екенін және оның орнына 50-ге жуық кәдімгі сүңгуір қайық сатып алуға болатынын айтты. Жалпы бұрынғы үкімет басшысы AUKUS-қа түбегейлі қарсы. Ол Қытайдың экономикасы америкалық экономикамен бәсекелес болғаны үшін АҚШ Бейжіңді тежеуде Австралияны пайдаланып отыр деп санайды.
Ал AUKUS мүшелері МАГАТЭ мен Австралия арасындағы жан-жақты кепілдіктер туралы келісімнің 14-тармағын негізге ала отырып, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт бұзылмағанын айтты. Бұл келісімнің арқасында теңіз күш қондырғылары тексеруден босатылады. Бірақ бұл жағдай басқа елдер үшін жоғары байытылған уран немесе плутонийді халықаралық бақылаудан жасырудың үлгісі болуы ықтимал.
"Бір жарым жыл бұрын Қытай Австралияға ядролық суасты қайықтарын беру Ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзатынын мәлімдеді. Жалпы бұл ешкім үшін құпия емес. Алайда АҚШ халықаралық қауымдастықтың ойын елемей, өз діттегеніне қол жеткізуді көздейді. AUKUS Қытайдың дамуын тежеу ​​үшін қажет. Вашингтон Бейжіңге әскери қатысты қысымын күшейтіп жатыр", - дейді Қытайдың экономикалық және әлеуметтік зерттеулер орталығы басшысының орынбасары Павел Каменнов.
Ал Ресей халықтар достастығы университетінің профессоры Андрей Виноградов АҚШ Қытаймен соғысқысы келмейді, бірақ көпполярлы әлемге көшуде қажет институттарды құрып жатыр деген пікір білдірді. "Оларды толығымен қарсы жасақталған ұйым деп атауға болмайды. Бірақ олар Үнді - Тынық мұхиты аймағындағы Қытай ықпалын тежеуге бағытталған", - дейді қытайтанушы.
Жаңалықтар
0