https://sputnik.kz/20230317/almaty-oblysynda-kogildir-otynga-qosylu-quny-arzandady-33025072.html
Алматы облысында көгілдір отынға қосылу құны арзандады
Алматы облысында көгілдір отынға қосылу құны арзандады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысында 11 елді мекеннің тұрғындары үшін орталықтандырылған газбен қамту желілеріне қосылу құны төмендетілді, деп... 17.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-17T14:26+0500
2023-03-17T14:26+0500
2023-03-17T14:26+0500
газбен қамту
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/363/08/3630898_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_ed4e4d8d8809768036d7ec61e604f116.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысында 11 елді мекеннің тұрғындары үшін орталықтандырылған газбен қамту желілеріне қосылу құны төмендетілді, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.Прокуратура және әкімдік бірлесе отырып Алматы облысының аумағында абоненттерді орталық газбен жабдықтау желілеріне қосу құнын төмендетуге бағытталған "Халыққа қолжетімді газ" жобасын іске қосты.Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына прокуратура, әкімдік және облыстың газ шаруашылықтары қауымдастығы кіргізілді.Меморандум облыстың 3 ауданының 11 ауылдық округін қамтып отыр. Сондай-ақ газ мамандары халықтың әлеуметтік осал топтарын жеңілдетілген шарттармен қосуды жалғастырады және қосылу үшін төлемді кейінге қалдыруды ұсынады.Жобаның қорытындысы бойынша облыстың ең көп елді мекендерін қамту және тұрғындарға қаржы жүктемесін азайту жоспарланып отыр.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/363/08/3630898_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_2beac53bc01d71432e0a8b04d5fbc411.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газбен қамту, алматы облысы
газбен қамту, алматы облысы
Алматы облысында көгілдір отынға қосылу құны арзандады
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысында 11 елді мекеннің тұрғындары үшін орталықтандырылған газбен қамту желілеріне қосылу құны төмендетілді, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Прокуратура және әкімдік бірлесе отырып Алматы облысының аумағында абоненттерді орталық газбен жабдықтау желілеріне қосу құнын төмендетуге бағытталған "Халыққа қолжетімді газ" жобасын іске қосты.
Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына прокуратура, әкімдік және облыстың газ шаруашылықтары қауымдастығы кіргізілді.
"Аталған топтың жұмыс нәтижесінде қазіргі уақытта абонентті қосудың шекті құнының сомасы 350 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бекіту туралы келісімге қол жеткізілді.
Бүгін газ шаруашылықтары қауымдастығы мен әкімдік арасында алғашқы меморандумға қол қойылады", - деп жазылған хабарламада.
Меморандум облыстың 3 ауданының 11 ауылдық округін қамтып отыр. Сондай-ақ газ мамандары халықтың әлеуметтік осал топтарын жеңілдетілген шарттармен қосуды жалғастырады және қосылу үшін төлемді кейінге қалдыруды ұсынады.
Жобаның қорытындысы бойынша облыстың ең көп елді мекендерін қамту және тұрғындарға қаржы жүктемесін азайту жоспарланып отыр.