https://sputnik.kz/20230316/ulttyq-bank-toragasy-saylaudan-keyin-tenge-quldyraydy-degen-qauesetke-zhauap-berdi-32991832.html
Ұлттық банк төрағасы сайлаудан кейін теңге құлдырайды деген қауесетке жауап берді
Ұлттық банк төрағасы сайлаудан кейін теңге құлдырайды деген қауесетке жауап берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәжіліс сайлауынан кейін теңге құлдырайды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды... 16.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-16T13:02+0500
2023-03-16T13:02+0500
2023-03-16T13:02+0500
теңге бағамы
доллар бағамы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0f/29341705_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5823c6c84fe49d2651658ad1e3c6a85.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәжіліс сайлауынан кейін теңге құлдырайды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенат кулуарында журналистер "сайлаудан кейін теңге девальвацияға ұшырайды деген қауесет қаншалықты рас?" деп сұрады.Сондай-ақ ол соңғы кезде доллар неге қымбаттап бара жатқанын түсіндірді."Ұлттық банктің негізгі міндеті – елімізде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Біз инфляциялық таргеттеу саясатын жүргіземіз. Теңгенің долларға шаққандағы бағамын біз белгілемейміз. Теңгенің бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арқасында өз мәнін табады. Ал ұсыныс пен сұранысқа әртүрлі фактор әсер етеді", - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.Ол жылдың басында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 462,66 теңге болғанын атап өтті. Ал кеше доллар бағамы 463,30 теңгемен жабылған."Демек тура жылдың басындағы бағам болып тұр. Аздаған құбылмалылық болады", - деді Пірматов.
https://sputnik.kz/20230316/memlekettik-qaryz-25-trln-tengeden-asty-ministr-munyn-sebebin-tusindirdi-32991320.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0f/29341705_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_83fb9f1b73a8e17f3427acd14ce91f95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге бағамы, доллар бағамы
теңге бағамы, доллар бағамы
Ұлттық банк төрағасы сайлаудан кейін теңге құлдырайды деген қауесетке жауап берді
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәжіліс сайлауынан кейін теңге құлдырайды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат кулуарында журналистер "сайлаудан кейін теңге девальвацияға ұшырайды деген қауесет қаншалықты рас?" деп сұрады.
"Біз валюта нарығындағы барлық іс-қимылымызды ашық жүргіземіз. Тек алтын-валюта резервтерінің интервенциясы ғана емес, Ұлттық қордың валюталарын сату, біз басқаратын басқа қорлардағы валюта операциялары бақыланады. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Сондықтан сайлау қарсаңында Ұлттық банк бағамға ықпал етіп жатыр деген қауесет шындыққа жанаспайды", - деп жауап берді Пірматов.
Сондай-ақ ол соңғы кезде доллар неге қымбаттап бара жатқанын түсіндірді.
"Ұлттық банктің негізгі міндеті – елімізде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Біз инфляциялық таргеттеу саясатын жүргіземіз. Теңгенің долларға шаққандағы бағамын біз белгілемейміз. Теңгенің бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арқасында өз мәнін табады. Ал ұсыныс пен сұранысқа әртүрлі фактор әсер етеді", - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.
Ол жылдың басында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 462,66 теңге болғанын атап өтті. Ал кеше доллар бағамы 463,30 теңгемен жабылған.
"Демек тура жылдың басындағы бағам болып тұр. Аздаған құбылмалылық болады", - деді Пірматов.