Тоқаев: Түркияда апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайынбыз

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступит на внеочередном саммите Организации тюркских государств на тему "Управление чрезвычайными ситуациями и гуманитарная помощь"
Касым-Жомарт Токаев выступит на внеочередном саммите Организации тюркских государств на тему Управление чрезвычайными ситуациями и гуманитарная помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда.
"Бүгінгі басқосудың "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" деген тақырыпта өтуі бекер емес. Қазір жер жүзінде табиғи және техногендік апаттар көбейіп жатыр. Бұл жағдай өте өзекті халықаралық мәселенің біріне айналды. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан гуманитарлық шаралардан шет қалған емес. Еліміз табиғи апаттан зардап шеккен елдерге үнемі қолдау көрсетеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президент Қазақстан бауырлас халықтың басына түскен қиындықты бірге көтеруге атсалысқанын атап өтті.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз.Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін", - деді президент.
Жаңалықтар
0