Солтүстік Корея Жапон теңізіне тағы бір зымыран ұшырды

© // Сергей Казак / Медиабанкке өтуБаллистикалық зымыран. Архивтегі фото
Баллистикалық зымыран. Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жазылу
Жапония премьер-министрі басты министрлердің қатысуымен Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Солтүстік Корея ұшу биіктігі 6 мың шақырым құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшырды, деп хабарлады РИА Новости.
Жапония қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран Пхеньян аумағынан шығыс бағытта ұшырылған.
"Зымыран шамамен 70 минут ұшып, Хоккайдодағы Осима аралынан шамамен 200 шақырым жерге құлады. Ұшу қашықтығы 1000 шақырымды, ең жоғары ұшу биіктігі 6000 шақырымды құрады", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Ведомстводағылар зымыран аспандатылған траекторияда жоғары тік бұрышта ұшырылған болуы мүмкін деп болжады. Бұл оған биіктікті үдетуге және ұшу қашықтығын қысқартуға көмектесті.
Айта кетері, Солтүстік Корея биыл осымен алтыншы рет баллистикалық зымыран ұшырды. Өткен жылы 37 зымыран ұшырған.
Жаңалықтар
0