https://sputnik.kz/20230316/smayylov-qazaq-qytay-shekarasy-arqyly-kolik-otkizu-zhyldamdygyn-arttyrudy-tapsyrdy-32988348.html
Смайылов қазақ-қытай шекарасы арқылы көлік өткізу жылдамдығын арттыруды тапсырды
Смайылов қазақ-қытай шекарасы арқылы көлік өткізу жылдамдығын арттыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Қазпошта" АҚ қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ... 16.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-16T11:10+0500
2023-03-16T11:10+0500
2023-03-16T11:10+0500
жүк көліктері
https://sputnik.kz/img/07e7/03/10/32986187_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_cf3d99e1174e8e62f974b64a8da442bd.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Қазпошта" АҚ қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" шекаралық бақылау-өткізу пункті арқылы жүк көліктерін өткізу бойынша кедергілерді жою мәселесі қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Компания басшысы Әсел Жанасова атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" шекаралық өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің, оның ішінде "Қазпошта" желісі бойынша өтуіне кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.Премьер-министрге бүгінгі таңда рәсімдеуден өтетін көліктер санын тәулігіне ҚР-дан ҚХР-ға екі есеге жуық, ҚХР-дан ҚР-ға 40%-ға арттыру мүмкін болғаны баяндалды. Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/10/32986187_104:0:1177:805_1920x0_80_0_0_97b5b5ecb6d704806ab10d1381615d2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк көліктері
Смайылов қазақ-қытай шекарасы арқылы көлік өткізу жылдамдығын арттыруды тапсырды
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте "Қазпошта" АҚ қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" шекаралық бақылау-өткізу пункті арқылы жүк көліктерін өткізу бойынша кедергілерді жою мәселесі қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Компания басшысы Әсел Жанасова атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.
Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" шекаралық өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің, оның ішінде "Қазпошта" желісі бойынша өтуіне кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.
Премьер-министрге бүгінгі таңда рәсімдеуден өтетін көліктер санын тәулігіне ҚР-дан ҚХР-ға екі есеге жуық, ҚХР-дан ҚР-ға 40%-ға арттыру мүмкін болғаны баяндалды. Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.