Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей "астық мәмілесін" тағы екі айға созды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуПшеница
Пшеница - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жазылу
Sputnik, Вадим Павлов. Сейсенбі, 14 наурызда Ресей сыртқы істер министрлігі бұрынғы шарттармен "астық мәмілесін" 60 күнге ұзарту туралы хабарлады. Яғни Мәскеу Қара теңіз жағалауындағы үш украин портынан азық-түлікті қауіпсіз экспорттауға көмектесуді жалғастырады және БҰҰ азық-түлік пен тыңайтқыштарды Ресейден әлемдік нарыққа шығаруды қамтамасыз етеді.
Ал егер бұл мәміленің бірінші бөлігі сегіз айдан бері толығымен орындалып, украин астығы еш кедергісіз экспортталып жатса, оның ресейлік экспортқа қатысты екінші құрамдас бөлігінде бірқатар проблемалар бар.

"Астық мәмілесі" неден пайда болды

Ресей мен Украина ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша жетекші орындарда тұр. Мысалы, Ресей бидайдың әлемдегі негізгі жеткізушісі болса, Украина бұл тізімде бесінші орында тұр. Сондықтан осы екі елден бұл тауарларды жеткізуде туындаған проблемалар нарыққа айтарлықтай әсер етіп, астық пен тыңайтқыш бағасы айтарлықтай өсті.
Арнайы әскери операция басталғаннан кейін Украина өз азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруда қиындыққа тап болды. Мысал ретінде өз порттарын миналаудың салдарын да айтуға болады. Ал Батыс елдерінің санкциялары салдарынан ресейлік азық-түлік өнімдерінің экспорты шектелмесе де, Ресей еуропалық порттарға кіруге, ресейлік операторларға арналған кеме фрахтары, оларды сақтандыру мен төлемдер жүргізудегі тыйым салуларға тап болды.
Әлем көшбашылары азық-түлік дағдарысын ушықтырмас үшін осы мәселесін шешумен белсене айналысты және кедей елдердің болашағына қатысты алаңдаушылық білдірді.
Еске салсақ, азық-түлік дағдарысы арнайы операция басталғанға дейін көрініс бере бастады: COVID-19 пандемиясына байланысты дүниежүзіндегі азық-түлікті жеткізу тізбегі мен тарату арналары бұзылды, отын және энергетикалық ресурстардың құны рекордтық көрсеткішке жетті, азық-түлік бағасы соңғы онжылдықтағы ең күшті өсімді көрсетті және құрғақшылық пен су тасқыны Америка мен Еуропадағы негізгі алқаптарды жойды.
Келіссөздегі делдал рөлін БҰҰ мен Түркия өз мойнына алып, олармен 2022 жылғы 22 шілдеде бір мезгілде екі келісім жасалды: "Украина порттарынан астық пен азық-түлікті қауіпсіз тасымалдау жөніндегі бастама" және " Ресейлік азық-түлік өнімдері мен тыңайтқыштарды әлемдік нарықтарға жеткізу туралы Ресей Федерациясы мен БҰҰ Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум". Ресей мен Украина бірінші құжатқа Түркия және БҰҰ-мен жекелеп қол қойса, екіншісі тек Ресей Федерациясы мен БҰҰ арасында жасалды.

Келісімнен дау шықты

Бірінші келісім Украинадан ауыл шаруашылығы жүгін тасымалдау үшін қауіпсіз теңіз дәлізін ұйымдастыруды қарастырады. Оның аясында астық Украинаның үш портынан – Одесса, Черноморск және Южный порттарынан экспортталады.
Бастапқыда мәміле 120 күнге жарамды болды. Содан кейін тараптардың ешқайсысы қарсы болмаса, мәміле тағы сондай мерзімге ұзартылды. Келісім 17 қарашада ұзартылып, ол 18 наурызда аяқталуы керек еді. Осы бастама аясында Қара теңіз арқылы 1600-ден астам рейс жасалып, 24 миллион тоннадан астам астық экспортталды.
"Астық мәмілесі" жасалғанға дейін Украина мен Батыс билігі азық-түлік дағдарысынан зардап шегетін кедей және дамушы елдерге көмек көрсету қажеттілігін алға тартып, Украинадан астық шығарылмаса, Африкада жаппай аштық туындауы мүмкін екенін айтты. Алайда бүгінде анықталғандай, Украина экспорттаған астықтың 65%-ке жуығы бес елге – Қытайға, Испанияға, Түркияға, Италияға және Нидерландыға жіберілді.
Сонымен қатар, БҰҰ-ның ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштарын әлемдік нарыққа экспорттауға жәрдемдесуді көздейтін екінші құжатты жүзеге асыруда проблемалар туындады. Осылайша Балтық елдері, Бельгия және Нидерланды порттарында Ресей Федерациясынан жеткізілген тыңайтқыштар әрі қарай тиісті тараптарға жеткізілмей жатр. 262 мың тоннаның 20 мың тоннасы ғана Оңтүстік Африканың Малави мемлекетіне жөнелтілді. Ресейдің тыңайтқыштар мен азық-түлік өнімдерінің экспортына кедергі келтіріп отырған банк транзакциялары, сақтандыру, логистика және қаржы ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер шешілмей отыр. Ал Тольятти – Одесса аммиак құбыры Украинаның ұстанымына байланысты әлі жұмыс істемей тұр.
"Астық мәмілесінің" аяқталуы жақындаған кезде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин Ресей мәміле мерзімін созуда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жөніндегі келісімді орындаудың тиімділігіне сүйенетінін айтты. Ол Ресейдің Қара теңіздегі астық бастамасын 60 күнге ұзартуға қарсы емес екенін мәлімдеді. Бұған Украина премьер-министрінің орынбасары Александр Кубраков наразылық танытты. Оның айтуынша, Ресейдің ұстанымы ұзарту мерзімі 120 күнді қамтитын өткен жылдың шілде айында қол қойылған құжатқа қайшы келеді.
Бірақ Кубраков ресейлік экспорт пен Тольятти – Одесса аммиак құбырына қатысты жағдайдың қол қойылған құжатқа қайшы екені туралы пікір білдірмеді. Сол сияқты, Украина инфрақұрылым министрінің орынбасары Юрий Васьков Киев мәмілені кемінде бір жылға созып, оған Николаев портын қосуға ниетті екенін айтты.
Ал Еуроодақтағылар украин астығын қауіпсіз шығару құжат пен Ресей тыңайтықшы және азық-түлік өнімдерін экспорттау туралы меморандумға әр түрлі тараптар қол қойған. Яғни, бұл бір-біріне қатысы жоқ және бір-біріне тәуелді емес екі түрлі құжат. Олар келісімдер бір күні және бір жерде қабылданғанын, бір келісімсіз екіншісі туындамайтынын ескермей отыр.

Ресей мәміле мерзімін неге созды?

Ресейлік экспортқа қатысты мәміленің екінші бөлігі орындалмауына байланысты РФбилігі мен ресейлік сарапшылар "астық мәмілесіне" қатысты жиі нарызылық білдірді. Бірақ Ресей бұл мәміле мерзімін бәрібір ұзартты. Себебі, Ресейге өз ауыл шаруашылығы өнімдерін сату қажет.
Ресей астық пен тыңайтқыштың өзі тұтынатынынан әлдеқайда көп көлемде өндіреді. Сондықтан ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлемдік нарықтарына шығуға қосымша шектеулер орынсыз болар еді.
Ресей президенті Владимир Путин атап өткендей, 2022 жылы елде рекордтық астық жиналды – шамамен 153-155 миллион тонна. Бір жыл бұрын 120,7 миллион тонна астық жиналған. Экспорт та рекордтық деңгейге жететіні анық. Алдыңғы рекорд шамамен 49 миллион тонна болатын.
Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, маусым басынан бері (ауыл шаруашылығы жылы 1 шілдеден 30 маусымға дейін созылады) Ресей қазірдің өзінде 40 миллион тоннаға жуық экспорттаған. Ауыл шаруашылығы жылының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш (барлық инфрақұрылым мен санкциялық шектеулерді есепке алғанда) 53-54 млн тоннаға жетуі мүмкін. Егер шектеулер болмағанда, 60 миллионнан асуы ықтимал еді. Бұл туралы "Біріккен астық компаниясы" бас директорының орынбасары Ксения Боломатова мәлімдеді.
Мұндай көлемдегі астықты сату үшін қазіргі геосаяси жағдайда қолданыста бар кез келген экспорттық мүмкіндіктер қажет. Ал "астық мәмілесі" бүгінгі күні сондай мүмкіндікпен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ бұл келісімнен шығу Ресей үшін жақсы өзгеріс әкеле ме, жоқ па, бұл үлкен мәселе. Ресейлік экспорттаушылардың өз өнімдерін тасымалдау, сақтандыру және төлемдер бойынша қазіргі онсыз да қиын жағдайы тіпті ушығып кетуі мүмкін.

Бәсекелесті жеңу

Ресей астық өндірісі мен экспортын ұлғайтып жатқанда, Украина астық өнімділігі мен шетелге жеткізілімі төмендеуінің алдын ала алмады. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мәліметі бойынша, Украинаның Қара теңіз порттарынан орындалған астық экспорты бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың ақпанына дейін екі еседен астам, яғни 42,6 миллион тоннадан 19,2 миллион тоннаға дейін қысқарды.
Жалпы Ресей бір жыл ішінде астық өндірісін төмендеген украин экспортына (~23 миллион тонна) тең көлемде (~33-35 миллион тонна) ұлғайтты. Ал Ресей шектеулер болмаса ағымдағы ауыл шаруашылығы жылында өндірілген шамамен 65 миллион тонна астықты экспорттай алады.
65 миллион тонна өнім Украина үшін қалыпты көрсеткіш. Себебі алдыңғы 10 жылда Украина үнемі осы шамадағы астықты жинап келген. Сондықтан Украинада соғыс қимылдары аясында өндірістің айтарлықтай төмендеуі туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Өйткені Киев рекордтық көрсеткішке айналған өткен ауыл шаруашылығы жылының 84 миллион тонна деңгейіндегі дәнді және бұршақ дақылдарының түсімін негізге алып отыр.
Ресейлік, украиналық және халықаралық сарапшылардың пікірінше, Украинаның 2022 жылғы пайдасышамамен екі есеге төмендеді. Агроөнеркәсіптік кешендер өнімдерінің экспортын дамыту жөніндегі федералды орталықтың мәліметі бойынша, Ресей 2022 жылы астық экспортын ақшалай эквивалентте 15%-ке арттырды.
Ауыл шаруашылығы жылының қорытындысы бойынша Мәскеу мен Киевтің табыс айырмашылығы бұдан да көп болуы ықтимал. Бұл айырмашылық ұлғая беруі ықтимал. Оған Украинадағы астық өндірісінің қысқаруы да себеп болады. "ПроЗерно" аналитикалық орталығының болжамдар жөніндегі директоры Владимир Петриченконың айтуынша, 2023 жылы ол қысқару шамамен 38 миллион тоннаға дейін жетеді де, Ресей әлемдік нарыққа бағытталған астық көлемін арттыруы мүмкін.
Жоғары астық бағасын ескерсек, Ресейдің астық экспортынан экономикалық пайдасы Украинаныкінен айтарлықтай асып түсетіні белгілі. Мұндай жағдай күнбағыс майын жеткізу саласында да тіркелді. Егер 2021/2022 маусымында әлемдік жеткізілімдердегі украин экспортының үлесі 40%, ал ресейлік - 29% болса, қазір бұл теңгерім өзгеріп жатыр. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпан айындағы болжамы бойынша, осы ауыл шаруашылығы жылында Ресей Федерациясы бұрын бірінші орында болған Украинаны ығыстырып, күнбағыс майының экспорты бойынша әлемдік көшбасшы болуы мүмкін.

Достық үшін

"Астық мәмілесінің" тағы бір маңызды тұсы Ресейдің тату елдермен қарым-қатынасын дамыту болып табылады.
Біріншіден, бұл астықтың өзіндік құнын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Әлемдік бағаға тәуелді Африка мен Азия елдері бағаның төмендеуіне қатты мүдделі екенін ескеру керек. Бұл құрлықтағы мемлекеттер Ресей украин астығының басым бөлігін өзіне алуды көздеп отырған Еуроодақ мүддесін қолдамайтынын да анық көріп отыр.
Екіншіден, бүгінде тату елдер Ресейден жеткізілетін азық-түлік өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етілген. Ресей өз кезегінде дәл осы нарықтарда өз позициясын бекітіп, сол арқылы экспортын дамытып және әртараптандырып жатыр.
"Агроэкспорт" пен"Россельхознадзор" мәліметі бойынша 2022 жылы 126 мемлекет ресейлік астық пен оның өңделген өнімдерді сатып алса, Таяу Шығыс, Азия, Африкадағы тату елдер және ЕАЭО бойынша одақтастар ең ірі сатып алушылар болды.
Ресей үшін күтпеген плюс бірқатар еуропалық елдерде болып жатқан оқиғаларға наразылық болды.
Бұған дейін Еуроодақ украин фермерлері үшін бажсыз сауда режимін енгізді. Бұл Украинадан ЕО елдеріне астықтың бақылаусыз жеткізілуіне, нәтижесінде жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуін, шаруалардың дағдарыс, үлкен шығынға және банкротқа ұшырау қаупін тудырды.

Тағы да тыңайтқыштар туралы

Сонымен қатар "астық мәмілесін" бұрын талқыланған 120 немесе Киев қалағандай 365 күнге емес, 60 күнге ұзарту арқылы Ресей БҰҰ-ға ресейлік тыңайтқыштарды жеткізуге қатысты шектеулерді алып тастауда ілгерілеу болмаса, Украинаның бүгінгі пайдасының көп ұзамай жолы кесілуі мүмкін екенін ескертті.
Жалпы Ресей әлемдік нарыққа тыңайтқыштардың негізгі жеткізушісі болып табылады: әртүрлі дерек бойынша Ресейдің үлесі 14-тен 23%-ға дейінгі аралықта. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Ресейдің тыңайтқыштар экспортына тосқауыл қоюды доғармауы өнімділіктің төмендеуіне және ашаршылық қаупінің үдеуіне әкелетін ауыр салдарға себеп болуы мүмкін.
БҰҰ 2022 жылды "бұрын-соңды болмаған аштық" жылы деп атады. Батыс саясатында өзгерістер болмаса, 2023 жыл әлемнің кей мемлекеттері үшін әлдеқайда ауыр жыл болуы мүмкін.
Жаңалықтар
0