Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қырым жағалауында MQ-9 Reaper ұшуына тыйым салынған

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУчения по борьбе с воздушными целями, архивное фото
Учения по борьбе с воздушными целями, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2023
Жазылу
Қырым маңындағы ұшуға шектеу енгізілген аймақта АҚШ әскери-әуе күштерінің барлау және соққы жасауға арналған пилотсыз ұшағының апатқа ұшырауы Пентагонды Еуропадағы әскери іс-қимылдар театрында ресейлік ережелерге сәйкес әрекет етуге мәжбүрлеп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Қара теңіз түбінде жоғалған құны 32 миллион доллар тұратын MQ-9 Reaper пилотсыз басқарылатын ұшағы АҚШ пен НАТО-ның барлау және соққы жасау инфрақұрылымы қаншалықты осал екенін көрсетті. Ресей өз жағалауларына жақын бейтарап суларда тым белсенді әрекет ететін пилотсыз ұшу аппараттарын жойып жібере алатынын дәлелдеді. Балтық теңізінің үстінде ұшып жүрген америкалық F-16 ұшқыш жүргізетін жойғыш ұшақтары мен В-52 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары да Ресей Қарулы күштері үшін заңды нысанаға айналуы мүмкін.
Бейсенбіде батыстық БАҚ 14 наурыз күні таңертең MQ-9 Reaper бұрандасы ресейлік Су-27 жойғышының реактивті ағынының әсерінен бүгілгенін дәлелдейтін видео жариялады. Борттағы қару қолданылмағанымен, Вашингтонда қобалжу танытты.
"Ақ үй бұл оқиғаны "қауіпсіз және аққылға қонымсыз" деп атады. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бұған АҚШ-тың әрекеті, яғни арнайы әскери операция жүргізуге байланысты белгіленген ұшуды шектеу аймағын бұзуы, сондай-ақ Ресейдің мүдделеріне қарсы барлау қызметінің күшеюі себеп болғанын айтты", - деп жазды Хроленко.
Америкалық тараптың бастамасымен 15 наурызда Ресей Федерациясы мен АҚШ қорғаныс министрлері Сергей Шойгу мен Ллойд Остин, сондай-ақ Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов пен АҚШ Қарулы күштерінің Штаб баасшылары комитетінің басшысы Марк Милли телефон арқылы келіссөз жүргізді. Остин "АҚШ халықаралық құқық рұқсат берген жерде ұшуды және әрекет етуді жалғастыратынын" айтты. Ал Шойгу Ресейдің "алдағы уақытта да барлық арандатушылыққа сәйкес жауап беретінін" мәлімдеді.
Ұшуды шектеу аймағы өзгеріссіз қалды. Қырым жағалауында АҚШ-тың стратегиялық пилотсыз ұшақтарының пайда болуы Қара теңіз аймағындағы эскалацияның алғышарты болып табылады. Сондықтан халықаралық құқық туралы америкалықтардың ойы Ресей Федерациясының жағалауынан 60 километр және АҚШ-тың Солтүстік Америка аумағынан 8000 километр қашықтықтағы барлау және соққы жасауға арналған "Жнец" әрекеттерін ақтамайды.
АҚШ сенаторы Линдси Грэм халықаралық әуе кеңістігінде Пентагон ұшағына жақындаған ресейлік әскери ұшақтарды атып түсіруді ұсынды. Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов "бейтарап әуе кеңістігінде ресейлік ұшаққа қасақана шабуыл жасау ашық соғыс жариялау болып саналатынын, Ресей мен АҚШ арасындағы қарулы қақтығыс Украинада жүріп жатқан прокси соғыстан түбегейлі басқаша болатынын" ескертті.
АҚШ Қарулы күштері Біріккен штаб басшыларын комитетінің төрағасы Марк Милли MQ-9 пилотсыз ұшағының Қара теңізде шамамен 1500 метр тереңдікте батып кеткенін және оны жоғары алып шығу қиын екенін атап өтті. Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев құрылғыны көтеруге ниетті екенін мәлімдеді. Өйткені бұл ресейлік мамандарға байланыс және ақпараттық жүйелерді зерттеуге мүмкіндік береді, америкалық дронның нақты мақсаттары мен міндеттері туралы көптеген қызықты дерек ала алады.
Ашық дереккөздердің хабарлауынша, Ресей Федерациясының Қара теңіз флотының күштері америкалық пилотсыз ұшақтың қалдықтарын іздеуді жалғастырып жатыр. АҚШ бұл деректерге алаңдайды және Түркиядан мамандандырылған кемелердің Reaper-ке кіруі және көтерілуі үшін бұғазды ашуды сұрайды.
Бұған дейін Қырым жағалауында АҚШ әскери-әуе күштерінің Lancer стратегиялық бомбалаушы ұшақтары ұзақ қашықтыққа ұшатын AGM-158C LRASM қанатты зымырандарды қолдану бойынша жаттығудан өткен болатын.
Америкалық General Atomics компаниясының MQ-9 Reaper пилотсыз ұшағы UAV қозғалтқышымен жабдықталған, әуеде үздіксіз 24 сағатқа дейін бола алады, 1,7 тоннаға дейінгі жүкті көтеру және 400 км/сағ жылдамдықпен 15 мың метрге дейінгі биіктікте ұшуға қабілетті. Ұшу қашықтығы – 1900 километрге дейін, басқару спутник арқылы қашықтағы операторлар арқылы орындалады.
"14 наурыздағы апат кезінде Пентагон Қырым жағалауында барлау және соққы жасайтын пилотсыз ұшақтардың ұшуларын тоқтатты. Ол Румыниядағы MQ-9 Reaper әуе базасын жабуы екіталай болғанымен, енді әлдеқайда мұқият әрекет етуге мәжбүр болады", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Оның хабарлауынша, Ақ үй 15 наурызда Вашингтон Ресей мен АҚШ арасындағы әскери қақтығысты қаламайтынын мәлімдеді. Дегенмен Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың арнайы әскери операция аймағында және Қара теңізде тікелей қақтығысының ықтималдығы сақталып тұр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0