https://sputnik.kz/20230316/qazaqstannyn-balyq-onimi-euroodaq-elderine-eksporttalady-32982903.html
Қазақстанның балық өнімі Еуроодақ елдеріне экспортталады
Қазақстанның балық өнімі Еуроодақ елдеріне экспортталады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 наурыздан бастап Еуропалық комиссия қазақстандық балық кәсіпорындарын Еуропалық одақ елдеріне... 16.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-16T09:15+0500
2023-03-16T09:15+0500
2023-03-16T09:15+0500
балық
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/361/96/3619669_0:76:3371:1972_1920x0_80_0_0_538b1b43ed32b4e5587be863159287c1.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 наурыздан бастап Еуропалық комиссия қазақстандық балық кәсіпорындарын Еуропалық одақ елдеріне өнімдерін экспорттау құқығына ие компаниялардың тізіміне енгізу рәсімін қайта бастап жатқанын хабарлады.Қазақстандық ветеринариялық бақылау жүйесіне деген сенімді қалпына келтіру туралы тиісті хат ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Осылайша ЕО елдеріне өз өнімдерін экспорттау құқығына ие болатын отандық кәсіпорындардың тізімі кеңейтіледі. Бүгінгі таңда бұл тізімде 17 қазақстандық компания бар.Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, 2018 жылы Еуропалық комиссия балық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға аудит жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 11 ұсыным жасалғанын, оның ішінде елдің ветеринариялық қызметін бақылау мәселелері болды. Одан кейін Қазақстан ұсынымдарды орындау барысы туралы егжей-тегжейлі есеп жолдады.Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайту және Еуроодақ елдеріне экспортталатын өнімдердің тізімін кеңейту аясында Еуропалық комиссия алдағы уақытта еуропалық нарыққа шығарылуы мүмкін балға қатысты сауалнама да жолдады.Бұған дейін Брюссельге сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Еуропа комиссарларымен кездесті. Келіссөз барысында ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның жоғары сапалы органикалық азық-түлік жеткізушісі болу мүмкіндігі туралы хабарлады. Атап айтқанда бұл ЕО елдеріне отандық ет, сүт, құс және балық өнімдерін экспорттауға қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/361/96/3619669_321:0:3050:2047_1920x0_80_0_0_9fe096205c93564ff6bb122561a03acb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, ауыл шаруашылығы
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 наурыздан бастап Еуропалық комиссия қазақстандық балық кәсіпорындарын Еуропалық одақ елдеріне өнімдерін экспорттау құқығына ие компаниялардың тізіміне енгізу рәсімін қайта бастап жатқанын хабарлады.
Қазақстандық ветеринариялық бақылау жүйесіне деген сенімді қалпына келтіру туралы тиісті хат ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осылайша ЕО елдеріне өз өнімдерін экспорттау құқығына ие болатын отандық кәсіпорындардың тізімі кеңейтіледі. Бүгінгі таңда бұл тізімде 17 қазақстандық компания бар.
Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, 2018 жылы Еуропалық комиссия балық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға аудит жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 11 ұсыным жасалғанын, оның ішінде елдің ветеринариялық қызметін бақылау мәселелері болды. Одан кейін Қазақстан ұсынымдарды орындау барысы туралы егжей-тегжейлі есеп жолдады.
Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі нығайту және Еуроодақ елдеріне экспортталатын өнімдердің тізімін кеңейту аясында Еуропалық комиссия алдағы уақытта еуропалық нарыққа шығарылуы мүмкін балға қатысты сауалнама да жолдады.
Бұған дейін Брюссельге сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Еуропа комиссарларымен кездесті. Келіссөз барысында ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның жоғары сапалы органикалық азық-түлік жеткізушісі болу мүмкіндігі туралы хабарлады. Атап айтқанда бұл ЕО елдеріне отандық ет, сүт, құс және балық өнімдерін экспорттауға қатысты.