https://sputnik.kz/20230316/qazaqstan-qyrgyzstan-zhane-ozbekstan-energetika-ministrleri-ges-qurylysyn-talqylady-33005724.html
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлері ГЭС құрылысын талқылады
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлері ГЭС құрылысын талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлері Қырғызстандағы "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасы бойынша кездесу... 16.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-16T20:03+0500
2023-03-16T20:03+0500
2023-03-16T20:03+0500
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/1166/31/11663169_0:144:3129:1904_1920x0_80_0_0_20ab9aad675cd6a8fd5142046f42bd1a.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлері Қырғызстандағы "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасы бойынша кездесу өткізді. Кездесуге Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов, Қырғызстанның энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Қазақстанның энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, тараптардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының жауапты басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жобаны жүзеге асыру бойынша "Жол картасын" іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі қағидалары туралы құжат жобасы қаралды, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Кеңес қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыруға дайындаудың негізгі кезеңдері мақұлданып, келесі кездесуді осы жылдың наурыз айының соңына дейін өткізу туралы келісілді. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қырғызстандағы Қамбарата-1 су электр станциясының құрылысын қолдайтынын мәлімдеген. Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді. "Осы тұрғыда Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-1 құрылысының жобасы белсенді түрде талқыланып жатыр. Су электр станциясы Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады, ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін жағдайды жақсартады", - деді Тоқаев өткен жылдың шілде айында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуінде. Қамбарата ГЭС-1 су қоймасына 5 миллиард текше метр су жинауға болады. Қырғызстан үкіметі бұл су тапшылығының энергетика саласына ықпалын шешеді деп үміттенеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1166/31/11663169_198:0:2929:2048_1920x0_80_0_0_191f7755e0603e2a7b1288179e7f0a32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр энергетика министрлігі
қр энергетика министрлігі
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлері Қырғызстандағы "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасы бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов, Қырғызстанның энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Қазақстанның энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, Өзбекстанның су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, тараптардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының жауапты басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында жобаны жүзеге асыру бойынша "Жол картасын" іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі қағидалары туралы құжат жобасы қаралды, деп хабарлады Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеңес қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асыруға дайындаудың негізгі кезеңдері мақұлданып, келесі кездесуді осы жылдың наурыз айының соңына дейін өткізу туралы келісілді. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қырғызстандағы Қамбарата-1 су электр станциясының құрылысын қолдайтынын мәлімдеген.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді.
"Осы тұрғыда Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-1 құрылысының жобасы белсенді түрде талқыланып жатыр. Су электр станциясы Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады, ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін жағдайды жақсартады", - деді Тоқаев өткен жылдың шілде айында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуінде.
Қамбарата ГЭС-1 су қоймасына 5 миллиард текше метр су жинауға болады. Қырғызстан үкіметі бұл су тапшылығының энергетика саласына ықпалын шешеді деп үміттенеді.