https://sputnik.kz/20230316/astana-auezhayy-ekinshi-marte-ortalyq-aziya-men-tmd-da-uzdik-dep-tanyldy-32989874.html
Астана әуежайы екінші мәрте Орталық Азия мен ТМД-да үздік деп танылды
Астана әуежайы екінші мәрте Орталық Азия мен ТМД-да үздік деп танылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екінші жыл қатарынан World Airport Awards байқауында Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік... 16.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-16T11:57+0500
2023-03-16T11:57+0500
2023-03-16T11:57+0500
астана әуежайы
тмд
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07e7/03/10/32983247_0:208:540:512_1920x0_80_0_0_8a489751f45e5195cdf1a84de62d0668.jpg
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екінші жыл қатарынан World Airport Awards байқауында Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай болып танылды. Марапат Нидерландының Амстердам қаласында өткен Passenger Terminal Expo 2023 халықаралық көрмесінде табысталды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.Оның айтуынша, елорда әуежайы елдегі ең ірі әуежайлардың бірі, сонымен қатар отандық және бірқатар шетелдік авиакомпаниялар үшін базалық әуежай болып саналады.Ол сондай-ақ бүгінгі таңда кәсіпорынды дамыту IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты."Елордалық әуе айлағы Астана қаласының қонақтары мен жолаушыларына барынша қолайлы жағдай жасайды. Цифрлық мүмкіндіктерді дамыту арқылы жолаушылар тіркеуден онлайн өтіп, өз рейстерін бақылай алады және пайдаланатын қызметтеріне ақы төлей алады", - деп толықтырды Хамзин.Аталған марапат 8 ай көлемінде жүргізілген зерттеу кезеңінде әуежай клиенттері толтырған World Airport Survey (әлемдік әуежайды зерттеу) сауалнамаларына негізделген. Сауалнама нәтижесін тәуелсіз сарапшылар шығарады.Зерттеу барысында әуежайда тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасы, негізгі көрсеткіштердің тиімділігі, тіркеу, тасымалдау, сатып алу, қауіпсіздік және паспорттық бақылау сияқты көрсеткіштер бағаланды.Айта кетері, World Airport Awards әлемдік әуежай индустриясындағы ең беделді марапат, ол сапа стандарты болып саналады және әлемнің 550-ден астам әуежайында тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын бағалайды.
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/10/32983247_0:158:540:563_1920x0_80_0_0_a39cd627f47b66c45570af5491ea6e6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана әуежайы, тмд, орталық азия
астана әуежайы, тмд, орталық азия
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екінші жыл қатарынан World Airport Awards байқауында Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай болып танылды. Марапат Нидерландының Амстердам қаласында өткен Passenger Terminal Expo 2023 халықаралық көрмесінде табысталды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Біз бұл жоғары бағаны қайта алғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің әуежай Орталық Азиядағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында екінші орында, сонымен қатар посткеңестік кеңістіктегі әуежайлар арасында 12-ші орында", - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Дәулет Хамзин.
Оның айтуынша, елорда әуежайы елдегі ең ірі әуежайлардың бірі, сонымен қатар отандық және бірқатар шетелдік авиакомпаниялар үшін базалық әуежай болып саналады.
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда кәсіпорынды дамыту IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.
"Елордалық әуе айлағы Астана қаласының қонақтары мен жолаушыларына барынша қолайлы жағдай жасайды. Цифрлық мүмкіндіктерді дамыту арқылы жолаушылар тіркеуден онлайн өтіп, өз рейстерін бақылай алады және пайдаланатын қызметтеріне ақы төлей алады", - деп толықтырды Хамзин.
Аталған марапат 8 ай көлемінде жүргізілген зерттеу кезеңінде әуежай клиенттері толтырған World Airport Survey (әлемдік әуежайды зерттеу) сауалнамаларына негізделген. Сауалнама нәтижесін тәуелсіз сарапшылар шығарады.
Зерттеу барысында әуежайда тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасы, негізгі көрсеткіштердің тиімділігі, тіркеу, тасымалдау, сатып алу, қауіпсіздік және паспорттық бақылау сияқты көрсеткіштер бағаланды.
Айта кетері, World Airport Awards әлемдік әуежай индустриясындағы ең беделді марапат, ол сапа стандарты болып саналады және әлемнің 550-ден астам әуежайында тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын бағалайды.