https://sputnik.kz/20230315/toqaev-qauipsizdik-kenesinin-otyrysyn-otkizdi-32944858.html
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады... 15.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-15T11:59+0500
2023-03-15T11:59+0500
2023-03-15T12:05+0500
ұлттық қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0f/32944457_3:0:3644:2048_1920x0_80_0_0_1700cfa3b727411e08782bf748429e83.jpg
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорда.Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
https://sputnik.kz/20230119/prezident-saylauy-kezinde-radikaldy-top-zhappay-tartipsizdikti-zhosparlagan-31290012.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0f/32944457_458:0:3189:2048_1920x0_80_0_0_22a6d61d2e3de6696031921ac5bea0ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
11:59 15.03.2023 (жаңартылды: 12:05 15.03.2023) АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорда.
Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.
Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.
Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.
Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.