Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасы қандай жағдайда өзгеретінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр труда и социальной защиты Тамара Дуйсенова
Министр труда и социальной защиты Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
Қазақстандық әйелдер 2028 жылға дейін 61 жаста зейнетке шығады
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2029 жылдан бастап зейнеткерлік жасы қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында Әлеуметтік кодекс жобасын қарау барысында депутаттар министрден "әйелдердің 58 жаста зейнетке шығуы туралы норманы қайтару жоспарда бар ма?" деп сұрады.
"2018 жылдан бастап әйелдеріміз 58 жастан бері қарай өтіп кетті. Қазір олардың саны 500 мыңнан асады. Егер біз оған қайтатын болсақ, сол азаматтардың зейнетақысын қайта есептеу қажет болады. Бұл зейнетақының көбеюіне емес, керісіншеғ азаюына алып келеді. Сондықтан осындай тәуекел болмас үшін 61 жас дұрыс деп тоқтадық", - деді Дүйсенова.
Ол пандемиядан кейін азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Нәтижесінде биыл қаңтардан бастап зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деп бекітілді.
"Жалпы азаматтардың зейнетке шығу жасы өмір сүру ұзақтығына және зейнетақының деңгейіне байланысты болады. Сондықтан алдағы бес жылда денсаулық сақтау саласы бойынша үлкен ұлттық жоба жүргізілгелі жатыр. Оның ең негізгі мәселесі – ауылдық медицинаны жақсарту. Содан кейін көпсалалы ауруханаларды көбейту, мамандандырылған медициналық көмекті жақсарту, ерте скрининг, телемедицина мәселелері бар. Егер де осының нәтижесінде азаматтардың өмір сүру жасы ұзарса, онда зейнет жасы 2029 жылдан кейін қайта қаралады. Егер де дәл осылай қалып немесе керісінше төмендесе, әрине онда жас шегі қайта қаралады", - деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар Дүйсенова қазір президенттің тапсырмасымен ауыр әрі зиянды еңбекте істейтін азаматтардың зейнетке шығу жасын қарастыру үшін жұмыс тобы құрылғанын атап өтті. Жақында министрлік тұжырымдаманы жариялайды.
Жаңалықтар
0