Қарағанды әлемдегі ең лас қалалар тізіміне енді

© Sputnik / Абзал Калиев Караганда
 Караганда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қарағанды әлемдегі ең ластанған қалалар рейтингінде 23-ші орында тұр, деп хабарлайды Еkaraganda.kz.
Әлемдік IQAir порталының деректері бойынша, Қарағандының ластану индексі 77,8 деңгейінде. 2021 жылы Қарағандыда бұл көрсеткіш төмен болған.
Ластану индексі 97,4 болатын Пәкістанның Лахор қаласы бірінші орында тұр. Екінші орынға ластану индексі 94,3 болатын қытайлық Хотан жайғасты.
Рейтингкетегі үштікке Үндістанның Бхивади қаласы 92,7 индексімен кірді. IQAir порталының мәліметінше, былтыр Қазақстандағы ең таза қала Жамбыл облысының Шу қаласы болған.
Жаңалықтар
0