Мәжіліс сайлауы: кандидаттар мен бюллетеньдер саны – видео

© SputnikВыборы в мажилис Казахстана
Выборы в мажилис Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
19 наурызда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау бюллетеньдері мен кандидаттарды шатастырмай, қалай дұрыс дауыс беру керек екенін Sputnik Қазақстан әңгімелейді.
Сонымен парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтеді.
Саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған бірінші бюллетеньде жеребе бойынша анықталған тәртіппен партиялардың атауы енгізіледі. Тізімнің соңында "Барлығына қарсымын" деген баған болады.
Дауыс беру бюллетенінде сайлаушы оң жақтағы бос шаршыға, яғни өзі дауыс беретін нұсқаға қарсы орналасқан тұсқа кез келген белгіні қояды.
Маңызды жайт! Бiрнеше саяси партия белгiленген бюллетень жарамсыз деп танылады.

Бір мандатты округтер бойынша депутаттар қалай сайланады

Қазақстан бір мандатты сайлау округтеріне бөлінген. Екінші бюллетеньде дауыс беруші тұратын округ бойынша мәжіліске сайлауға түсіп жатқан депутаттардың аты-жөні жазылады.
Кейбір облыстарда өңір сайлау округі болып табылады. Мысалы, бұл Абай, Атырау, Ақмола және басқа да бірқатар облысқа қатысты. Ал Алматы облысы, Астана мен Шымкент қалаларында екі сайлау округі, Алматы қаласында үш сайлау округі бар.
Бір мандаттылар арасында өз округінде ең көп дауыс жинаған кандидат жеңімпаз болады. Дауыстар тең болса, қайта сайлау тағайындалады.
Мәслихат депутаттарына дауыс беру де дәл осылай, яғни партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша өтеді.

Қанша бюллетень болады

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында аудандық мәслихат болмағандықтан сайлаушыларға 4 бюллетень беріледі. Басқа облыстардың тұрғындарына бесеуден беріледі.
Бюллетеньдердің түсі әр түрлі болады:
көгілдір – мәжілістегі партияға дауыс беру үшін;
жасыл – мәжілістегі бір мандатты депутатқа дауыс беру үшін;
күлгін – партиялық тізімдер бойынша облыс немесе қала мәслихатының депутаттарына дауыс беру үшін;
қызғылт сары – бір мандатты округтер бойынша қала немесе облыс мәслихатының депутаттарына дауыс беру үшін;
бесінші сұр түсті бюллетень қала немесе аудан мәслихатының депутаттарына дауыс беру үшін беріледі.
Дауыс беру бюллетеньдерінің өлшемі әдеттегі А4 форматынан А5 форматына өзгереді, яғни екі есе кіші болады. Орталық сайлау комиссиясындағылардың айтуынша, бұған сайлау жәшіктерінің көлемі өзгеріссіз қалуы, ал бюллетень бумалары бірнеше есе ұлғаятыны себеп.
Жаңалықтар
0