Ірі инвесторларға қосымша мүмкіндіктер берілді – үкімет қаулысы

© Sputnik / Владислав ВодневҮкімет ғимараты
Үкімет ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Үкімет "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" қаулыға түзету енгізді.
2023 жылдың ақпан айынан бастап ірі инвесторлар үшін Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосу және қолданыстағы жобаларды жаңғырту мүмкіндіктері едәуір кеңейтілді.

Не өзгерді?

Үкімет Инвестициялық міндеттеме туралы келісім бекітуді жоспарлап отырған заңды тұлғалар үшін Қызметтің басым түрлерінің тізбесін алып тастады.
Бұл келісім бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге салық мөлшерлемесі белгіленеді, ал инвестор оның өтеуі ретінде қомақты қаражат салуға, қандай да бір өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға, қазақстандық кадрларды оқытуға және т. б. міндеттеледі.
Сонымен қатар тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі анықталды. Яғни, енді ірі компания немесе кәсіпкер бұл тізімге енгізілмеген кез келген инвестициялық бағытты еркін таңдап, үкіметпен Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасай алады.
Тыйым салынғандар санатына:
акцизделетін өнімдердің көтерме саудасы және (немесе) өндірісі
лотерея өткізу
ойын бизнесі саласындағы қызмет және т. б. барлығы 14 тармақ жатады.
Барлық басқа бағыттар бойынша шектеу жоқ.
Жаңалықтар
0